///

Ресей үшін 9 Мамыр жеңіс күні неге сонша маңызды?

656 рет қаралды
фото: Новости Воронежа
9 Мамырда жыл сайын Әскери парад өткізуді дәстүрге айналдырған Путиннің жанынан биыл әдеттегідей постсоветтік елдердің біраз лидері табылды. Олардың арасында Қазақстан Президенті Қасым Жомарт Тоқаев та бар. Британиялық коғамдық басылым ВВС-де жарияланған “Why 9 May Victory Day is so important for Russia” атты мақаланы (авторы Paul Kirby) аударып, “Мінбер” оқырмандарына ұсынуды жөн көрдік. Мархабат. 

Владимир Путин билікке келгелі Жеңіс күні Ресей армиясының күші мен әскерилерінің айбынын асыруға пайдаланылатын шараға айналды. Сондай-ақ, ІІ Дүниежүзілік соғыста қаза тапқан құрбандарды еске алуды ұмытпайды. Бұл соғыста 27 миллион Совет азаматтары қаза тапты, кез келген ел үшін аса ірі шығын, сол себепті де шығар ресейліктер Ұлы Отан соғысы деп атайды.

Дегенмен, бұл жылғы Жеңіс парадының маңызы ерек. Ресей өзінің көршісі Украинаны басып кірді. Әрі қандай да бір жеңісін тойлайтындай мүмкіндіктен айрылып қалды.

Жылда соғыста маңызды рөл ойнаған әскери полктер жоғары басшылық пен президент алдында әскери шеру жасайды, Олардың үндеуі Қызыл алаңда жаңғырығып, әрі қарайғы іс әрекеттің қалай болатындығы ойластырылады. Ресей лидері бұл сәтті өзінің ниетін мәлімдеу үшін пайдаланады.

Жеңіс күнгі шеру Совет заманында анда-санда ірі оқиға ретінде аталып өтетін, Президент Борис Ельцин оны 50 жылдық мерейтойында қайта жаңғыртты. Ал 2008  жылдан Владимир Путин оны жыл сайын өтетін шараға айналдырды. Жеңіс күні ресейліктерді біріктіретін символға айналды, мектеп оқулықтары мен тарихи кітаптарда Ресей Еуропаны азат етуші ел ретінде оқытылады.

“Тіпті қалыпты жылдардың өзінде Ресейдің, Путиннің күштілігін, оның барлығын бақылауда ұстайтындығын паш ету үшін ірі шоу көрсетеді. Биыл ол тіпті күшейіп кетті” дейді Глазго университетінің қызметкері Аммон Шешкин (Ammon Cheskin).

Ол соғыс кампаниясын аяқтауы мүмкін деген мәлімдеме жоққа шығарылды. Сондай ақ, ол ресейлік еркектердің барлығын мобилизациялау немесе соғыс жайында жарияға жар салу туралы да ақпарат жалған. Ресей жауынгерлері әрекеттерін “жасанды түрде қандай да бір нақты датаға ыңғайлай алмайды” деді РФ Сыртқы Істер министрі Сергей Лавров.

Ресейдің соғыс алаңындағы жеңілісіне орай, толықтай мобилизацияға жақын бірнәрсе жариялануы мүмкін. Жұмыс жарнамалайтын вебсайттарда соңғы апталарда “мобилизацияға қатысты маман” іздеген жарнамалар көбейген. Алайда бұндай қадам президенттің атағына нұқсан келтіруі мүмкін, әрі 9 Мамыр бұл қадамды жариялау үшін ыңғайлы дата емес.

2014 жылы Ресей Қырым түбегін аннексиялап алғаннан кейін, Владимир Путин Қызыл алаңдағы Жеңіс күніне арналған сөзінде, фашизмді жеңу жайында қадап айтқан еді.  Содан кейін Қаратеңіздегі Севастополь портына ұшып кеткен еді.

“Биылғы негізгі мақсат Ақпан айында болады деп күтілген жеңісті жариялау еді” – дейді Польша-Ресей диалогы мен өзара түсінісу орталығының қызметкері Эрнест Вицишкевич. “Олар Дүйсенбіге белгілі бір пиар-ход дайындады: ресейліктер көптен бері естіген арнайы әскери операция белгілі бір көзге көрінетіндей нәтижеге әкелуі керек еді”.

Ресей Украинаны жеңдім деп бөркін аспанға ата алмайды, тек қана Мариупольдің бірталай бөлігін басып алғандығымен ғана мақтана алады.

Қаланың астаң кестеңі шықса да, Ресей Украинаны “денацификациялағаны мен демилитаризациялағаны” туралы қайталаудан және өздері нацист деп жалған таңбалаған “Азов” батальонын жермен жексен еткенін айтудан танбайтын шығар. Бұл ІІ дүниежүзілік соғыстағы жеңісті атап өтетін күні біраз назарға ілігуі де ғажап емес.

“Ресейдің ірі қалалары мен облыс орталықтарында біз Жеңіс күнінің символын көреміз” дейді  Ресей Жұмбағы аналитика орталығының құрушыларының бірі Ольга Ирисова. “Бұл символдар 1945 жылдың 9 Мамыры жайында мәлімет беретіні сөзсіз. Дегенмен биыл 1945/2022 жыл, олар адамдарға тағы да Нацистерге қарсы соғыс ашқаны жайлы идеяны насихаттауды мақсат етеді”.

Мариупольде Жеңіс күні шеруі болмайды. Өйткені қауіпсіздікке шынымен қауіп төніп тұр. Аймақтағы Ресейдің өкілі Денис Пушилин Мариуполь Донецк Халық Республикасының бөлігіне айналмайынша, жеңіс шеруі болмайды деген еді.

Алайда онда әрине мерекелік шаралар ұйымдастырылмақ, бұл Ресей телеарналарының репортаждарынан ойып тұрып орын алатын болады. 9 Мамыр қарсаңында Кремль телеарнасының саяситехнологы Владимир Соловьев пен Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Сергей Кириенко бастаған делегация келді.

2021 жылмен салыстырғанда, биыл мұнда техника да, жауынгерлер саны да аз болады. Дегенмен, BBC-дің Ресей қызметінің мәліметінше, 10000 мың жауынгер мен 129 соғыс қаруы болуы мүмкін.

Алайда биыл шетел басшыларынан ешкім келмейді деп жоспарлануда. Кремль Жеңістің 77 жылдығын маңызды шара деп есептемейді.

Ольга Ирисованың айтуынша, Жеңіс күніне байланысты хабарламалардың көп бөлігі Ресей халқына арналған. Екінші дүниежүзілік соғыстың нацистік әңгімесін қоздыра отырып, Кремль ресейліктердің ерекше сезімдерін оятуға күш салады, өйткені орыстардың көпшілігінде соғыста қаза тапқан немесе қарсы күрескен туыстары бар.

Дегенмен, көрші елдерде 9 мамырдың маңызы азайып барады. Бұл соғыста ең ірі шығынға ұшыраған ел Украина және жақында жүргізілген сауалнама бұл күнді жеңіс күні емес, еске алу күні ретінде қарастыру керектігін көрсетті. Қазақстан үшінші жыл қатарынан әскери шеруін тоқтатты, ал Латвия оны Украинадағы Ресей соғысының құрбандарын еске алу күні деп жариялады.

ВВС-дің “Why 9 May Victory Day is so important for Russia

мақаласын ықшамдап аударған Есенгүл Кәпқызы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі