//

ҰБТ – 2023: қанша грант бөлінді?

910 рет қаралды

Қазір 11 сынып бітіріп жатқан балалардың алдында екі үлкен сынақ басталды. Оның бірі – ҰБТ болса, екіншісі – мемлекеттік емтихандар. 

“ҰБТ-ға республика бойынша екі мүмкіндікті есепке алғанда 305 мыңға жуық өтініш қабылданды. Оның ішінде тест тапсырушылардың 75%-ы  қазақ тілінде, 25% -ы орыс тілінде, 243 адам ағылшын тілінде ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірді”, – делінген ҰТО ресми сайтында.

2023-2024 оқу жылында 88 204 студент мемлекеттік грант бойынша білім алады. Грант саны биылғы оқу жылына бөлінген мөлшерден 21%-ға артық.

Естеріңізге сала кетейік, түлектердің өтініштері мен қалауларын ескере отырып, грантқа үміткерлерге ҰБТ-ны тапсыруға  екі мүмкіндік берілді. Бұл ретте әр талапкер тестілеуді екі рет тапсырып, ең жақсы нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.

Ең жоғары балл – 140, ал тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут). Тестілеу 5 шілдеге дейін өтеді.

Гранттардың басым бөлігі инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары мамандарындарына арналған.

Білім беру салалары бойынша 2023 жылғы шекті балдар:

«Құқық» – кемінде 75 балл;

«Педагогикалық ғылымдар» – кемінде 75 балл;

«Денсаулық сақтау» – кемінде 70 балл;

«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар, «Ветеринария» – кемінде 60 балл.

Сондай-ақ Ұлттық ЖОО-ларға – кемінде 65 балл, ал басқа ЖОО-ларға – кемінде 50 балл.

ӘР ПӘН БОЙЫНША ШЕКТІ БАЛЛ – 5 БАЛЛ.

2023-2024 оқу жылына бакалавриат бойынша мемлекеттік білім гранттары келесі мөлшерде бөлінді:

  • педагогикалық ғылымдар – 15 273 грант;
  • өнер және гуманитарлық ғылымдар – 1 615 грант;
  • әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 960 грант;
  • бизнес, басқару және құқық – 1 223 грант;
  • жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 6 988 грант;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 12 587 грант;
  • инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 22 728 грант;
  • ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 2 195 грант,
  • қызметтер – 2 200 грант;
  • ветеринария – 925 грант.

Сонымен қатар, шетел азаматтарын халықаралық келісімдер бойынша оқытуға және қазақстандық студенттерді шетелдік университеттерді оқытуға арналған гранттар бар.

Академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында ҰБТ «1 компьютер-2 камера-1 тестіленуші» қағидаты бойынша жүргізіледі. Айта кетейік, талапкерде тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған заттар анықталса, ол әрі қарай ҰБТ тапсыруға жіберілмейді.

Әдемі Ғазизова

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Рухы мықты Нұргелді

Бұл жігітті кездейсоқ кезіктіріп қалдым. Руха­ни орталықта орналасқан ауылдық әкімдікке қарай кетіп барады. Кешкісін тағы көрдім.

Қуғын-сүргінде туған әндер

Қазақтың музыкалық танымы өзге танымы секілді күнделікті тіршілігімен біте қайнасып жасап келеді. Оның өткеніне көз жүгіртсек