//

ҰБТ – 2023: Талапкер нені білуі тиіс?

3875 рет қаралды
фото: baq.kz

“Мінбер” сайтының редакциясына қоңырау шалған ата-ана колледж бітірген баласының ҰБТ-ға тіркелуі үшін қайда баратындығын білмейтіндігін айтып, көмек сұрады. Біз бұл ақпарат биыл елімізде мектеп бітіретін  170 мыңнан астам түлектің барлығына қатысты болғандықтан,  Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаевтың жауабын жариялауды жөн көрдік.

– Колледж бітірген баланың ата-анасы хабарласты. Баласы авиациялық колледжді бітірген, енді Ақтөбедегі әскери авиацияға түсейін деп жатыр. Ол үшін, мамырдың 25-іне дейін ҰБТ тапсырып, қолында сертификаты болуы қажет. Бұл жағдайда не істеу керек?

– Осы жылғы ҰБТ сертификатын алу  үшін колледж бітіруші талапкер 4 рет тест тапсырады. Оның 2-і (наурыз, тамыз) университетке ақылы бөлімге түсу үшін, 2-і (мамыр-маусым, басқаша негізгі ҰБТ деп те аталады) грант конкурсына қатысу үшін өткізіледі. Қазіргі таңда наурыз айындағы ҰБТ аяқталды. Алдағы уақытта бұл бала негізгі ҰБТ-ға екі рет және тамыз айындағы ҰБТ-ға қатыса алады. Негізгі ҰБТ-ны 16 мамыр мен 5 маусым аралығында өткізу жоспарланып отыр. Тіркелу сәуірдің аяғында жүзеге асырылады. Нақты тіркелу уақытын өткізіп алмау үшін www.testcenter.kz сайтындағы немесе әлеуметтік желілердегі соңғы жаңалықтарды бақылап отыруға болады.

– Жалпы биылғы жылы ҰБТ-да қандай өзгерістер бар?

Басты жаңалық Қазақстан тарихы пәнінің бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы болады:

1-ден 10-ға дейін – бір дұрыс жауапты таңдауға арналған;

11-ден 20-ға дейін – контекстке негізделген бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары (5 сұрақтан 2 контекстік мәтін).

Осылайша, контекстік тест тапсырмаларының саны көбейіп, талапкерлердің білімін одан да терең бағалауға мүмкіндік артады.

Сондай-ақ, бұған дейін талапкерлерге оқу сауаттылығынан 20 тест тапсырмасы берілсе, енді 3 мәтін бойынша 15 тест сұрағы ұсынылады.

2022-2023 оқу жылынан бастап ҰБТ-ның бейіндік пәндер комбинациясы тізбесіне «Информатика» пәні енгізілді. Соған байланысты «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар», «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер ҰБТ-да “Математика-Информатикадан» тест тапсырады.

–  ҰБТ тапсырмаларында дистракторлар (жауап нұсқалары) санын азайту туралы шешім қабылданды. Яғни нұсқалар саны бір дұрыс жауабы бар сұрақтарда 5-тен 4-ке дейін; бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар сұрақтарда (үш дұрыс жауаптан көп емес) 8-ден 6-ға дейін азайтылды.

– Жас түлектер нені білуі керек?

– Жас түлектер ҰБТ-ға өтініш беру мерзімін, тестің өту уақытын, тестілеу ережелерін, форматын білуі керек. Ол үшін біздің ресми сайттағы және әлеуметтік желілердегі соңғы жаңалықтарды бақылап жүргені абзал.

Айта кетейік, өзінің колледжде бітірген мамандығын жалғастырғысы келетін бітірушілер (қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін колледж бітірушілері) жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша ҰБТ тапсырады. Тестілеудің жалпы уақыты — 2 сағат (120 минут); Тест тапсырмалар саны – 60; Жалпы балл саны: 70;

Шектік деңгейі: ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша – кемінде 25 балл және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 35 балл. Оның ішінде әр пәннен 5 балдан кем болмауға тиіс.

ЕСКЕРТУ: Өзінің колледжде бітірген мамандығын жоғары оқу орнында ақылы бөлімде жалғастырғысы келетін бітірушілер университеттің қабылдау комиссиясында әңгімелесу (собеседование) арқылы оқуға қабылданады. Бұл жағдайда ҰБТ нәтижесі талап етілмейді

Ал егер колледж бітірушілері өзінің бітірген мамандығын ЖОО-да жалғастырмай, басқа білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскісі келсе, онда толық оқыту нысаны бойынша оқуға қабылданады. Ол үшін түсуші 5 пән бойынша ҰБТ тапсырады.

ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).

Тест тапсырмалар саны  – 120.

Тестілеудің жалпы уақыты: 4 сағат (240 минут).

Жалпы балл саны: 140.

– Рахмет.

Гауһар Сатбаева

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар