///

Транс Каспий бағыты: Қазақстанның Еуропаға шығар есігі бола ала ма?

1850 рет қаралды
фото: baq.kz

The Diplomat басылымында қазақстандық авторлар Рахымбек Абдрахманов пен Камшат Жұмағұлованың “Trans-Caspian Route: Kazakhstan’s Gateway to Europe. For Kazakhstan, in particular, the development of the Middle Corridor offers broader access to global markets” атты мақаласы жарық көрген екен. Мақала Қазақстан мұнайын Еуропаға тасымалдауда кездесіп отырған қиындықтары мен тығырықтан шығар жолдарын қарастырады. Біз “Мінбер” оқырмандары үшін мақаланы аударып ұсынуды жөн көрдік. 

Тамыздың 6-сында Украина Қара Теңіздегі алты Ресей порты: Анапа, Новороссийск, Геленджик, Туапсе, Сочи және Тамань аумағын “қауіпті соғыс аймағы” деп жариялады. Бұл Ресейдің өткен айда Украина астығын қауіпсіз экспорттау туралы келісімнен бас тартқаннан кейінгі әрекетіне жауап еді. Мәскеу Украина порттарына бет алған кез келген кемені соғыс кемесі деп танитынын мәлімдеді. Сөйтіп, бұл кемелердегі елдердің жалауын Киев тарапын қолдайтын елдер ретінде қарастырамыз деді.

Тамыздың басында Украинаның теңіз дрондары  Новороссийск және Керч маңайындағы Ресейдің кемелерін атқылағаннан кейін мәселе ушығып кетті. Украина президенті Володимир Зеленский Украина Ресей Қара теңіздің су айдыны мен астық экспортына тосқауыл қоюды жалғастыра берсе, кемелерін жоғалту қаупі бар екендігі туралы ескерту жасады. Ресей-Еуразиялық Карнеги орталығының штаттан тыс қызметкері Сергей Вакуленко  жақында украиналық дрондардың Новороссийск пен Керчь маңындағы ресейлік кемелерге жасаған шабуылдары Ресейдің Қара теңіз порттарынан, ең алдымен мұнайдан экспортын азайтуға бағытталған жоспардың бөлігі деп жазды.

Мұнайға бағытталған бұндай күрделі соққылар Қазақстан мұнайының экспортына да соққы болуы мүмкін. Еуропа Одағы (ЕО) елдеріне тасымалданатын мұнайдың едәуір бөлігі (70 пайыздайы) Новороссийск жанындағы Южная Озереевка терминалы арқылы өтеді. ЕО дәл қазіргі сәтте Қазақстанның  сауда және экономикадағы маңызды әріптесі. ЕО елдің сыртқы саудасының 40 пайызын және тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) жалпы ағынының 48 пайызын құрайды. Сонымен қатар, Қазақстаннан экспортталатын мұнайдың 70%-ы ЕО елдеріне жіберіледі, әрі ОПЕК-ке мүше емес елдердің арасында Еуропа одағы елдерін шикізатпен қамтамасыз етуден үшінші орынды иеленеді. Қазақстан мұнайы ЕО елдеріне импортталатын мұнайдың 6%-н құрайды. Қазақстан сондай-ақ, ЕО елдерін импортталатын уранның  21%-н иеленеді. Қазақстан үшін мұнай сырттан қаржы әкелетін ең басты экспорт. ЕО елдерімен сауда айналымы Қазақстан үшін экономикалық тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін өте маңызды элемент.

Қазақстандық Қолданбалы саясат және экономика зерттеулері мектебінің мәліметі бойынша жасалды

Ресей аумағы арқылы өтетін транзит пен тасымалдың сенімсіздігіне қатысты алаң Ресейдің Украинаға шабуылына дейін басталды. Өкінішке қарай, Қазақстанның Ресейге транзиті мен Ресей арқылы өтетін мұнай тасымалының проблемасы ұзаққа созылып барады. Ресей Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) қызметін реттейтін ережелерді жиі бұзуда, оның үстіне, реттеуші мемлекеттік ұйымдардың (Роспотребнадзор, Россельхознадзор) негізсіз шешімдері мен тарифтік емес реттеу әдістерін қолдана отырып, қазақстандық өнімнің өзінің ішкі нарығына қолжетімділігін біржақты тәртіппен үнемі шектеп келеді. Сонымен қоса, Ресей территориясы арқылы шетел нарығына жолданатын Қазақстан тауарлары үнемі тосқауылға ұшырап келеді, бұл үнемі саяси мотивпен жасалады. Бұл тосқауылдардың барлығы үнемі Қазақстан экономикасына мультимиллион доллардың шығынын әкеледі.

Бүгінгі таңда Азербайжан мен Грузия территориясы арқылы өтетін Транс-Каспий халықаралық көлік дәлізі жобасы қолға алынып жатыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 19 шілдеде Сауд Аравиясында өткен Парсы шығанағы Араб мемлекеттері мен Орталық Азия елдерінің ынтымақтастық кеңесінде осы транзит арқылы тасымалды 2030 жылға қарай жылына 500,000 контайнерге дейін көбейту жайында айтты. Солтүстік транзитпен салыстырғанда, Орта корридор деп аталған Транс-Каспий халықаралық көлік дәлізі экономикалық тиімді және жылдам сауда айналымын ұсынады. Оның үстіне, арақашықтық 2,000  километрге дейін азаяды. Сонымен қатар, бұл жайлы климат пен саяси жағдайлардан пайда көреді. Азербайжан мен Грузиямен арадағы тату көршілік қарым қатынас, саяси кикілжіңнің болмауы Қазақстан үшін жайлы корридор болмақ.

Транс-Каспий халықаралық көлік дәлізі және басқа да баламалы транзиттер экономикалық қауіпсіздікті арттыру үшін маңызды қадам болады деп жобалануда. Бұл Қазақстанның Ресей арқылы тасымалданатын тауарларының қиындыққа тап болуына орай жауабы болмақ. Транс-Каспий халықаралық көлік дәлізінің дамуынан түсетін пайда осы жолдағы барлық елге бірдей дәрежеде болуы тиіс. Ең басты пайданы санамаласақ: транзит ақысы мен қосымша табыстар; кедергісіз транзитті дамыту үшін маңызды экономикалық инфрақұрылымдардың салынуы (газ құбырлары, теміржол, порттар, терминалдар); маңызды транзит дәлізі арқылы геосаяси ықпалдың артуы; мұнайды белгілі бір аумақтар арқылы тасымалдауға қол жеткізу, сөйтіп энергетикалық сектордың дамуын ынталандыру.

Қазақстан үшін Транс-Каспий халықаралық көлік дәлізі мұнай мен өзге де тауарларын сатуда әлемдік нарыққа кеңірек қол жеткізу мүмкіндігін ашады; мұнай тасымалдауда Әзербайжанның әлдеқайда дамыған инфрақұрылымын пайдалана отырып, мұнай тасымалын жеделдету, тиімді жеткізу менеджментін қалыптастыра алады. Бұл дәліз тәуекелдерді азайтады: баламалы транзиттің артуы Қазақстанның мұнайын тасымалдауға кедергілерді азайтады.

Бұл жобаның ең маңызды нәтижесі ретінде Қазақстан мен Әзербайжан арасында жақын ынтымақтастыөтың дамуын айтар едік. Бұл өзара қарым қатынастың жан жақты оңды ықпалы болары сөзсіз. Бұл инфрақұрылымдарды бірге басқарудан бастап, тәжірибе мен технологияларды алмасу, екі ел арасындағы саяси, экономикалық, мәдени байланыстардың күшеюіне ұласуы мүмкін.

Өкінішке қарай, бәрімізге белгілі себептермен Транс-Каспий халықаралық көлік дәлізі Ресей тарапынан күшті қарсылыққа ұшырауда. Ресей медиасы біршама саяси технология клищелерін қолданып, жағдайды “қараңғыдағы ойын” деп айдарлап үлгерді. (Мәселен, бір мақаланың тақырыбы “Қараңғыдағы ойын: Қазақстан Ресейді айналып өтетін транспорт дәлізін салып жатыр” деп аталады). Ресейдің бұлай айтуының негізі бар, егер бұл жоба сәтті жүзеге асатын болса, Кремльдің Астанаға ықпал ететін маңызды тетігінен айрылып қалатыны түсінікті.

Қазақстанның Транс-Каспий халықаралық көлік дәлізінен түсетін елеулі экономикалық пайдасы экономикалық тұрғыдан осал көршілерге қысым жасап үйреніп қалған Кремль үшін  мүлдем тиімсіз.

Сондай-ақ, жобаның өзіндік қиындықтары бар екенін атап өткен жөн. Негізгі кедергілердің қатарына маршруттың күрделі логистикасы және жылжымалы құрам мен инфрақұрылымға жоғары инвестициялық шығынның талап етілуін жатқызуға болады. Логистикалық қиындықтар теміржол/автомобиль көлігі мен Каспий және Қара теңіздер арқылы теңіз тасымалы арасындағы қос ауыстырып тиеумен байланысты. Қазіргі уақытта Каспий бойынша жүк тасымалдауды негізінен Әзірбайжан кемелері жүзеге асырады. Белгіленген өткізу қабілеттілігіне қол жеткізу үшін көлік инфрақұрылымына және теңіз сауда флотын кеңейтуге айтарлықтай инвестиция қажет. Сонымен қатар, кедендік тексеру уақытын қысқартуды қарастырған жөн.

Транс-Каспий халықаралық көлік дәлізі жобасын іске асыру тек қаржыландыруды ғана емес, сонымен бірге күшті саяси және дипломатиялық ерік-жігерді, сондай-ақ қатысушы үкіметтер тарапынан жобаны Құзыретті басқаруды талап етеді.

Ағылшын тілінен еркін аударған Есенгүл Кәпқызы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі