//

Қазақстан Парламенті “Масс-медиа туралы” заңды қабылдады

1382 рет қаралды
photo minber.kz

Маусымның 6-сында Сенатта “Масс-медиа туралы”, “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”, сондай-ақ “Масс-медиа мəселелері бойынша Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы” заңдар қаралып, екі оқылымда мақұлданды.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың соңында Мəдениет жəне ақпарат министрі Аида Балаева журналистер ортасында қызу талқыға түскен «Масс-медиа туралы» туралы заң жобасын мəжілісте қорғап, депутаттар құжатты бірінші оқылымда қабылдаған еді.

Қабылданған заңда қамтылған бірқатар жаңа нормалар:

  • БАҚ-тағы материалдарға талап-арыздар қою мерзімі 1 жылды құрайды;
  • БАҚ-тың сұрау салуларын қарау мерзімін 7-ден 5 жұмыс күніне дейін қысқарту;
  • Отандық контентті дамыту мақсатында мемлекеттік емес БАҚ-тарға гранттар беру арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктерін жетілдіру;
  • Журналистер үшін этика кодексін əзірлеу функциясын бекіте отырып, медиа индустрияны дамыту мақсатында БАҚ қызметін өзін-өзі реттеу мəселелері жөніндегі қоғамдық жəне кəсіби кеңес құру;
  • Мемлекеттік тілдегі теле жəне радио бағдарламалардың апта сайынғы көлемін 50%-дан 60%-ға дейін ұлғайту (2025 жылдан бастап 55%, 2027 жылдан бастап 60%);
  • Отандық теле жəне радио арналарда қазақ тілін 50-ден 60%-ға дейін ұлғайту (сондай-ақ кезең-кезеңімен енгізу);
  • Отандық теле жəне радио арналарда шетелдік теле-радио бағдарламаларының ретрансляциясын 20%-дан 10%-ға дейін төмендету;
  • Қазақстандық авторлардың/орындаушылардың отандық теле жəне радио бағдарламалары мен музыкалық шығармаларының санын 50%-дан 60%-ға дейін ұлғайту (сондай-ақ көрсетілгенге кезең-кезеңмен енгізу ұсынылды);
  • Өз-өзіне қол жұмсау (суицид) əдістері туралы жəне өз-өзіне қол жұмсауға шақыруға бағытталған ақпаратты таратуға тыйым салуды белгілеу;
  • Уəкілетті органның құзыретіне қоғамның адамгершілік тұрғысынан дамуына зиян келтіру жəне жалпыадамзаттық, ұлттық, мəдени жəне отбасылық құндылықтардың бұзылуы тұрғысынан БАҚ-қа мониторинг жасау жөніндегі функцияларды енгізу;
  • Журналистің кəсіби қызметінің құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету;
  • Жергілікті атқарушы органдардың дараспутниктік жəне эфирлік қабылдау құрылғысы бар қоғамдық көлікте мемлекеттік теле жəне радио арналардың өнімін немесе эфирін таратуды қамтамасыз етуі жəне бақылауы;

Аталған заң 6-Маусым күні қабылданып, президенттің қарауына жіберілді.

Айта кету керек, заң жобасына журналистерге арналған міндетті медиа-карталарына қатысты даулы норма, сондай-ақ депутаттардың БАҚ-қа ЛГБТ қоғамдастығының өкілдері туралы жазуға тыйым салу туралы бастамасы кірмеді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар