/////

Тұрарлықтар іргеде жатқан су қоймасын неге пайдалана алмай келеді?

1958 рет қаралды
К28 су қоймасы

Жеті мың халқы бар Тұрар ауылының негізгі шаруашылығы – егін және мал шаруашылығы. Егін шаруашылығы үшін су қажет, мал шаруашылығы үшін де ең маңыздысы да – осы су. K28 су қоймасы осы ауылға жақын орналасқан. Дегенмен бұл қойманы пайдалану мүмкін емес. Себебі лоток (науа) жоқ. Ал лоток өтетін жерде көлік жуу орны орналасқан. Мәселенің мән-жайын білу үшін Мінбер ұжымы Тұрар ауылына барып қайтты.

“Тасадағы өмір” жобасы бойынша Тұрар ауылынан өтініш келген болатын. Мәселе негіз болған көлік жуу нысанының алдына келіп тоқтағанымыз сол еді, тұрғындар шоғырланып тұрған жерге бірнеше вип-машиналар келіп тоқтай бастады. Одан шыққан адамдар бізді күтіп тұрған адамдармен түсініксіз мәселелер бойынша дауласа бастады. “Бақсақ бақа екен” демекші, бұл кісілер осы көлік жуу нысанының орнынан алынғанын қолдайтындар-қолдамйтындар болып екіге бөлінген адамдар екен. Біз екі жақтың да уәжін тыңдадық.

Насос станциясы
Көлік жуу нысаны

Су қоймасы соңғы он жылда екі мекеме балансында болды. Ендеше халық неге әлі күнге дейін егініне қажет суды ала алмай отыр? Бұл туралы видеодан көріңіз.

Бұл жоба Америка халқының көмегі арқасында АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен дайындалды. “Мінбер” ұжымы ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты, және де ол ақпарат USAID-тың, немесе АҚШ үкіметінің ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
USAID – әлемдегі жетекші халықаралық даму агенттігі және дамуға бастайтын қозғаушы күш. Көбірек ақпарат алу үшін агенттіктің сайтына: https://www.usaid.gov/central-asia-regional және Facebook-тегі USAID Central Asia парақшасына өтіңіз: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Мінберде медиа өкілдері

Алматыдағы «Ramada» қонақүйінде ERG қолдауымен Мінбер журналис­терді қолдау орталығы «Дата және жасанды интеллект» атты фес­тиваль ұйымдастырды.