/////

Этнограф Бұлбұл Кәпқызының «Киіз үй» атты туындысы жарық көрді

5180 рет қаралды

Қазақстан Республикасының қолөнершілер одағының мүшесі, этнограф Бұлбұл Кәпқызының “Киіз үй” атты кітабы жарыққа шықты. Кітап «Атамұра» баспасынан басылып, қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан мәдени мұраларын қайта жаңғыртуға арналған. Шығармада киіз үйдің құрылымы, тарихы мен маңызына терең талдау жасалып, әрбір элементі туралы жан-жақты ақпарат беріледі. Түпнұсқа қоңыр түспен безендіріліп, атауы алтын әріптермен жазылған.

Алматы күніне орай ұйымдастырылған кітап жәрмеңкесінде өткен тұсаукесер рәсімінде белгілі жазушылар, этнограф-зерттеушілер мен қолөнер шеберлері қатысып, өз пікірлерін білдірді. Автордың еңбегі ұлттық мәдениетімізді сақтап қалуға қосқан ерекше үлес ретінде бағаланды.

Ельназ Жайлау

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Заңгер Гүлмира Біржанова: Мемлекет БАҚ-ты қарсылас емес, серіктес әрі қоғаммен байланыстырушы құрал ретінде қабылдауы керек

сурет ашық дереккөзден алынды “Медиа қолдау” ұйымының жетекшісі, журналистер құқығын қорғаушы заңгер Гүлмира Біржанованың айтуынша, Қазақстандағы