//

Әлемнің үздік парадзюдошылары Астанада бас қосады

477 рет қаралды

Фото: sports24.kz

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында «2025 IBSA JUDO World Championships Astana» пара дзюдодан әлем чемпионаты өтеді.

Еліміз мұндай байрақты бәсекені алғашқы рет қабылдайды. Жарыс мамырдың 13–15 күндері болады.
Әр төрт жыл сайын өтетін басты додаға 40 елден 350-ден астам спортшы келеді. Биылғы жаһандық бәсекеде 15-тен астам паралимпиада чемпионы мен әлемдік сайыс жеңімпаздары келеді деп күтіліп отыр.

Фото: instagram.com

Елорда төрінде ел намысын Ақмарал Науатбек, Ерғали Шамей, Асылан Нұрдаулетов, Бауыржан Арыстанбеков және Талғат Әжіғалиев сынды спортшылар қорғайды.
Іріктеу сындары 10:00–13:00, ал 15:30–17:00 аралығында финалдық белдесулерді тамашалауға болады.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Желаяқтар қос қола иеленді

Бахрейннің Манамада қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңіл атлетика додасында 3000 метрге жүгіру сайысында

Азиаданың сегізінші алтыны

Қазақстандық жеңіл атлет Максим Сажнев Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль

Азиададан тағы екі алтын түсті

Бахрейннің Манамада қаласында жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары қыза түсті. Бүгінгі жарыс күні де алтынмен басталды. Таеквондода

«Қайрат» ел чемпионы атанды

Футболдан ел чемпионатының соңғы турында “Астана” мен “Қайрат” Алматыда кездесті. Соңғы ойын нағыз чемпиондық матч болды.