//

Азия чемпионаты: U22 санатындағы аруларымыз 9 алтын еншіледі

77 рет қаралды

Азия чемпионатында U22 санатындағы аруларымыз 9 алтын еншіледі.

Шри-Ланканың Коломбо қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында 22 жасқа дейінгі арулар бәсекесі аяқталды. Сары құрлық додасына аттанған барлық бойжеткен жүлде тұғырынан көрінді.

Ол туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің «Спортты дамыту дирекциясының» баспасөз қызметі мәлімдеді.

12 салмақта кім мықтыны анықтаған жарыста барлық отандасымыз финалда жұдырықтасты. Тек бастапқы жеңіл салмақтағы үш жекпе-жекте қазақ қыздарының жолы болмады. Ал қалған тоғыз жекпе-жекте боксшы қыздарымыз қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді. 7 жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды.
Азия чемпионатында Элина Базарова (54 келі), Виктория Байдукова (57 келі), Анар Тұрсынбек (60 келі), Аружан Жаңабаева (63 келі), Ұлдана Таубай (66 келі), Бақыт Сейдіш (70 келі), Шұғыла Нәлібай (75 келі), Жібек Жарасқызы (81 келі) және Әсел Тоқтасын (+81 келі) алтыннан алқа тақса, Ақбота Болат (48 келі), Гүлнар Тұрапбай (50 келі) мен Томирис Мырзақұл (52 келі) күміс жүлде иегері атанды.

Алтын саны бойынша көрсеткіш Қазақстан 9 медальмен көш бастаса, екі алтыны бар Вьетнам екінші, бір алтын алған
Үндістан (бейтарап) үздік үштікті қорытындылады.

Түгелбай Бисен,

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің

«Спортты дамыту дирекциясының» баспасөз қызметінен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар