/

Азия чемпионатына қатысқан Қазақстан құрамасындағы барлық қыз чемпион атанды

114 рет қаралды

Мамырдың 10-ны мен 24-ті аралығында Коломбода (Шри-Ланка) 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің «Спортты дамыту дирекциясының» баспасөз қызметі хабарлағандай бүгін 2007-2008 жылдары дүниеге келген боксшылар 25 салмақ дәрежесінде кім мықтыны анықтады.

Ұлдар 13 қыздар 12 салмақта сынға түсті. Ұлдар арасындағы сында ел құрамасының 11 боксшысы финалда жұдырықтасып, 10 алтын медаль жеңіп алды. Ал 86 келідегі Нұрсұлтан Қыстаубай қола жүлдегер атанса, 71 келідегі боксшымыз жүлдеге іліге алмады.
Назарларыңызға Азия чемпионатының жүлдегерлерінің тізімін ұсынамыз.
1-орын. Нұрхан Құмарбеков (48 келі)
1-орын. Досымжан Таңатар (51 келі)
1-орын. Алдияр Бахадүр (54 келі)
1-орын. Нығман Нығмет (57 келі)
1-орын. Әділет Тортубек (60 келі)
1-орын. Мұхит Нұрқабылұлы (63.5 келі)
1-орын. Сұлтан Тұрдалы (67 келі)
1-орын. Игорь Соловьёв (80 келі)
1-орын. Расул Асанханов (92 келі)
1-орын. Бексұлтан Қайратұлы (+92 келі)
2-орын. Жасұлан Бердалы (75 келі)
3-орын. Нұрсұлтан Қыстаубай (86 келі)

Еліміздің қыздар құрамасы да Азия чемпионатындағы ең ірі және толық жеңісін тіркеді.
Финалға жолдама алған 12 аруымыздың 12-сі де чемпион атанды.
Атап айтсақ:
• 48 келі – Айым Танкибаева
• 50 келі – Сила Биболсынқызы
• 52 келі – Рахмина Абдумежитова
• 54 келі – Жанель Имантаева
• 57 келі – Ақнұр Тұрсынғали
• 60 келі – Толғанай Қасымхан
• 63 келі – Алина Құдайгенова
• 66 келі – Ақбота Есімбекова
• 70 келі – Мария Сидоренко
• 75 келі – Зарина Толыбай
• 81 келі – Құралай Егінбайқызы
• +81 келі – Сабина Жақсылық

Осылайша жас боксшыдар 22 алтын иеленіп жалпы есепте топ бастады. Екінші орынға 2 алтыны бар Тәжікстан, одан кейінгі орынға жалқы алтын жеңіп алған Қырғызстан құрамасы жайғасты.
Салыстырмалы түрде алсақ, былтыр Астанада өткен Азия чемпионатында жастарымыз 11 алтын (қыздар – 6, ұлдар – 5 ) еншілеген еді.
Жарыс жеңімпаздары Халықаралық Бокс Федерациясы тарапынан І орын үшін 1000, ІІ орын үшін 500, ІІІ орын үшін 250 доллар ақшалай сыйақы алды.

Түгелбай Бисен

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясының» баспасөз қызметі

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар