Фото: ҚР спорт комитетінің телеграм арнасынан
Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында блиц шахматтан Азия чемпионаты өтті. Озық ойлы жастар сынында өнер көрсеткен 18 жастағы алматылық шахматшы Алуа Нұрман жеңімпаз атанды.
Швейцариялық жүйе бойынша өткен сары құрлық додасында Алуа жеті партияда жеңіске жетіп, бір кездесуді тең аяқтаса, бір ойында ғана қарсыласына жол берді.
Соңғы турда тағы бір отандасымыз Ксения Балабаеваны жеңген Алуа 7,5 ұпай жинап, Азия чемпионы атанды.
Бұл сайысқа қатысқан Елназ Қалиахмет бесінші, Ксения Балабаева жетінші, Лия Құрманалиева 10-шы орыннан көрінді.
Түгелбай Бисен
Парақшамызға жазылыңыз