//

Елімізде спорт саласының қанша түлегі бар?

205 рет қаралды

Фото: meteor-almaty.e-orda.kz

Елімізде олимпиадалық резервтің 19 мамандандырылған мектеп-интернат колледжі жұмыс істейді. Оның 5-еуі республикалық болса, қалған 14-і өңірлік.

Биылғы оқу жылының қорытындысында спорттық оқу орындарын 1200-ден астам түлек аяқтады. Олар ұлттық құрама сапын толықтыруға дайын.

Жоғарыда аталған республикалық оқу орындарын 490 түлек бітірді. Ал өңірлік мектептер мен колледждерден түлеп шыққан спортшы саны 730-дан асады.

Республикалық оқу орындары арасында түлектер саны бойынша Алматы қаласындағы РМҚК «Республикалық олимпиадалық резервтің мектеп-интернат-колледжі» көш бастап тұр. Бұл оқу орнын 129 түлек аяқтады. Одан кейінгі орынға К. Ахметов атындағы мектеп жайғасты. Ол жерден 124 түлек үлкен өмірге қанат қақты. Ал Қ. Мұңайтпасов атындағы мектепті 99 түлек бітіріп шықса, республикалық спорт колледжі 93 жасты түлетті. Сондай-ақ Риддер қаласындағы мектепті аяқтаған 45 жас спортшы жаңа өмір парағын ашты.

Бұл олимпиадалық резервті даярлау жүйесінің тұрақты әрі нәтижелі жұмысын көрсетеді. Қазақстан спортының болашағы, ең алдымен білім беру саласынан басталады.Оның үстіне мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты жан-жақты қолдаудың, соның ішінде салалық білім беруді дамытудың маңызды екенін бірнеше рет атап өтті.

Дәл осы мамандандырылған оқу орындарында ұлттық жарыстардан бастап халықаралық ареналарға дейінгі отандық спортшылардың болашақ жетістіктерінің іргетасы қаланады.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар