/

Нора Джеруто екінші рет Азия чемпионы атағына ие болды

118 рет қаралды

Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ел спортшылары үшінші алтын иеленді.

Бұл жолы да алтынды Нора Джеруто жеңіп алды. 5 000 метр қашықтыққа жүгіруде сынға түскен Нора қарсыластарынан қара үзіп, дара топ жарды.

5 000 метр қашықтықтықта бұған дейін Қазақстаннан ешкім Азия чемпионатынан орын алып көрмеген еді.

Нора Джеруто дистанцияны 14:58.71 уақытта өтсе, екінші келген үндістандық Парул Чаудхари 15:15.33,
үшінші болған жапондық Юма Ямамото 15:16.86 уақытын тіркеді.

Айта кетейік, Нора Джеруто осынған дейін 3 000 метрге жүгіруде чемпион атанған болатын.

Түгелбай Бисен
Фото: Спортты дамыту дерекциясынан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Алаш аруағы алдындағы аманат

Тарихтың жарасын ұмытпау – рух алдындағы парыз. Бүгін Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық