//

Қытайдағы Азия чемпионатында ел құрамасы төрт алтын жеңіп алды

138 рет қаралды

Қытайдың Наньчан қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден сары құрлық чемпионаты аяқталды. ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі бұл сында ел ескекшілері 4 алтын медаль иеленгенін хабарлады.


Одан бөлек Қазақстан командасының еншісінде 4 күміс және 4 қола жүлде бар. Соның арқасында біздің құрама жалпы есепте Қытайдан кейінгі 2-орынға тұрақтады. Азия чемпионатының басынан-аяғына дейін көш бастаған қытайлықтар басымдықты ешкімге бермеді. Ал үшінші сатыға Иран елінің ескек есу шеберлері тұрақтады.

Биылғы сары құрлық жарысында
Ольга Шмелёва мен Ирина Подойникова (байдарка, 500 м)
Ольга Шмелёва мен Артём Терещенко (байдарка, 500 м)
Сергей Емельянов пен Руфина Искакова (каноэ, 500 м)
Қазақстан әйелдер құрамасы (4 адам, байдарка, 500 м) алтыннан алқа тақса,

Бекарыс Раматулла (байдарка, 500 м)
Виктор Степанов (каноэ, 200 м)
Стелла Суханова (байдарка, 1000 м)
Сергей Емельянов пен Полат Төребеков (каноэ, 500 м) күміс, Ольга Шмелёва (байдарка, 200 м) Мария Бровкова (каноэ, 500 м) Қазақстан құрамасы (4×микст, байдарка, 500 м) Қазақстан құрамасы (4×микст, каноэ, 500 м) қолаға қол жеткізді.

-Біз үшін 12 жүлде жақсы нәтиже. Негізгі қарсылас жарыс қожайыны болатыны белгілі еді. Төрт алтынның екеуін Олимпиада бағдарламасына кіретін қашықтықта алдық. Алып келген командамыздың 50-60% жастар. Қазір соларды негізгі құрамға қосуға ден қойып отырмыз, – деді Ұлттық құраманың бас бапкері Қайсар Нұрмағамбетов Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Наньчан қаласында өткен XX Азия чемпионатында өнер көрсеткен ұлттық құраманың 26 спортшысы финалға дейін жетті. Биыл бұл жарысқа 20 елден 340 атлет жиналды.

«Сергей Емельянов, Ольга Шмелёва сынды тәжірибелі спортшыларымызбен қатар ересектер сынына жаңа қосылған жастар да өзін жақсы қырынан көрсете алды. Бірнешеуі ересектер арасындағы алғашқы жүлдесіне ие болды. Енді алда 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Таиландта өтетін Азия чемпионаты болады. Сол жерде спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетеріне сенеміз», – деді байдарка мен каноэде ескек есуден ҚР-ның Мемлекеттік жаттықтырушысы Дәулет Сұлтанбеков.

Осыған дейінгі 5 Азия чемпионатында болған ел құрамасының нәтижелері жаман емес.
Мәселен 2024 жылы Токиода 6 алтын, 3 күміс, 2 қола иеленіп, жалпы есепте топ бастадық. Одан соң Районг-2022: 10 алтын, 8 күміс, 10 қоламен 2-орын, 2017 жылы Шанхайда 10 алтын, 4 күміс, 3 қола иеленіп, бірінші болдық.
Палембанг-2015: 5 алтын, 4 күміс, 1 қола (1-орын), Самарқан-2013: 6 алтын, 8 күміс, 7 қола 2-орын.
Азия құрлығындағы көрсеткішіміз жаман емес. Әлемдік деңгейде де жетістікке жетер күн алыс емес секілді.

Түгелбай Бисен,

Фотолар: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар