//

Рейхстагқа ту тіккен қазақ туралы не білеміз?

71 рет қаралды

Фото: abai.kz

1945 жылдың 30 сәуірінде қан майдан түйінінің дәлелі болып, Рейхстагта Жеңіс туы желбіреп тұрды.

Фашистік Германияның бас ғимаратына бірінші болып Жеңіс туын тіккен – қазақ офицері Рақымжан Қошқарбаев болатын.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің дерегінше, Рақымжан Қошқарбаев майданға 18 жасында аттанып, Одер мен Шпрее өзендерін басып алуға қатысқан. Берлин үшін болған шешуші шайқаста оның взводы алғы шепке орналасты. Олар алдымен Корольдік алаңға, «Гиммлер үйіне» жетеді. Мұнда лейтенант Қошқарбаевқа тарихи маңызы бар – Рейхстаг ғимаратының үстіне Қызыл Туды көтеру туралы бұйрық беріледі.

«Гиммлер үйінен» Рейхстагқа дейінгі қашықтық бар болғаны 300 метр. Бірақ бұл ашық алаң болғандықтан,  жан-жақтан атқылаған оқтардан қорғану керек еді. Осы қашықтықты жауынгер Григорий Булатовпен 7,5 сағатта жүріп өтіп, 30 сәуір күні сағат 18:30-да Рейхстагтың алдына Қызыл Ту тігілген.

Ерен ерлігі үшін үшін Рақымжан Қошқарбаевқа Қызыл Ту ордені, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендері, Жауынгерлік Қызыл Ту және «Берлинді алғаны үшін» медальдары берілген.

1999 жылы «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Соғыстан кейін Рақымжан Алматы қаласы Халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды.

Ол соғыс ардагерлері комитеті мен кеңес-герман достық қоғамының Қазақ бөлімшесі төралқасының мүшесі болды. Соғыстағы естеліктері туралы «Жеңіс туы», «Дауыл: 1410-шы күн» кітаптарын жазды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар