///

Бақытбек Бәмішұлы. Ал, ақын жаз өлеңді

139 рет қаралды
1

Ал, Ақын, жаз өлеңді…

Жаз өлеңді мына әлем.

Қандай әсем, күрмеліп,

Иіліеді тіл әрең…

Сарқырат сайдың суларын.

Құтыртып дуын, шуларын.

Жылағандай сыңсытып,

Жағаның сұлу нуларын.

Өзектен өрге өргізіп,

Қазы менен қуларын.

Таңғы таудың бұп-бұйра

Тұманындай буларын.

Қарықтыр жарық, шырағын.

Керең қып сұрақ құлағын.

Қайыстырып жайпап өт,

Жау тимеген құрағын.

Жеткізіп жарға дауысын,

Оятып түнгі бау ішін.

Күркіретіп көк бұлтын,

Күңірент күймен тау ішін.

Сайранның суы толқысын.

Толтырып орта, олқысын.

Ай аунасын айдында,

Сыңғырлатып шолпысын.

Алты сайдан су ақсын.

Ақ уызын шұбатсын.

Мас ұйқыға әкетіп,

Әлдилесін жұмақ түн.

Қандай әсем мына әлем,

Қарап көзім тоймайды.

Ал көкейім,

Әрдайым:

Сені ғана ойлайды.

Ал, Ақын, жаз өлеңді!

12.06.2025ж.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Сурет: Алматы, Сайран көлі, Көл жағасы тұрғын үй кешені

Бақытбек Бәмішұлы жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар