Спорттық гимнастикадан Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Сары құрлық додасында бақ сынап жатқан ұлттық құраманың көшбасшысы Милад Карими жүлдегерлер қатарына енді.
Еркін жаттығуда өнер көрсеткен Милад 14.6 ұпай жинаған сингапурлық екі дүркін олимпиада чемпионы Карлос Эдриэль Юлоға ғана есе жіберді.
Милад Карими 14.4 ұпаймен күміс еншілесе, Оңтүстік Корея Мун Гён Ён – 14.033 қола жүлдеге ие болды.
Осы жарыста бақ сынаған тағы бір отандасымыз Дмитрий Патанин 13.833 ұпаймен төрінші орыннан көрінді.
Еске сала кетейік, 2024 жылы Өзбекстан астанасында өткен сары құрлық чемпионатында да еркін жаттығуда Карлос Юло топ жарып, Милад күміс медаль олжалаған еді.
Түгелбай Бисен
Фото: спортты дамыту дирекциясынан