/

Садақ ату: Қазақстан спортшылары Азия кубогінде екі алтын медаль жеңіп алды

60 рет қаралды

Фото: Спортты дамыту дирекциясынан

Сингапурда садақ ату шеберлері Азия кубогін сарапқа салып жатыр.

Жуырда құралмалы садақпен (Compound bow) нысана көздеуде сынға түскен Қазақстан ерлер командасы алтын жүлдеге ие болды.

Біздің садақшылар финалда үндістандық спортшыларды 235-231 жеңді.

Бұл сында ел намысын Андрей Тютюн, Мұса Ділмұхамет және Буниед Мирзаметов қорғады.
Осымен Азия кубогінің 2-кезеңі аяқталды. Ұлттық құрама қорждынында 2 алтын, 1 қола медаль бар.

Қазақстан ерлер құрамасынан бөлек алтын жүлдені Адель Жексенбинова мен Андрей Тютюн микст бәсекесінде жеңіп алса, Виктория Лян, Адель Жексенбинова мен Роксана Юнусовадан құралған әйелдер құрамасы қола еншіледі.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар