///

Шерзат Полат ісі бойынша сот үкімі шықты: Күдіктілерге 1,6 жылдан 23 жылға дейін жаза тағайындалды

196 рет қаралды
Коллаж: minber.kz

Талдықорғанда өткен атышулы сот процесінде 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты 9 күдіктіге қатысты үкім шығарылды. Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл қылмыстық іс шамамен екі айға созылған сот отырысынан кейін заңды шешімін тапты.

Сот шешімі: кімге қандай жаза берілді?

Алматы облыстық соты істің мән-жайын қарастыра келе, келесідей үкім шығарды:

  • Абзал Шынасыл – 23 жылға бас бостандығынан айырылды,
  • Равиль Сәкиев – 20 жыл,
  • Азамат Тоқтаубаев – 15 жыл,
  • Нұрқияс Ілиясов – 9 жыл,
  • Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет – әрқайсысы 7 жыл,
  • Думан Ысқақ – 1 жыл, 6 ай мерзімге сотталып, жазасын кәмелетке толмағандар колониясында өтейтін болды.

Моральдық зиян және өтемақы

Судья жәбірленуші тараптың моральдық зиян туралы талап-арызын ішінара қанағаттандырды. Үкімге сәйкес:

  • Абзал Шынасыл – марқұмның туыстарына, атап айтқанда әкесі мен анасына және әжесіне, әрқайсысына 20 миллион теңгеден,
  • Равиль Сәкиев – 15 миллион теңгеден,
  • Қалған сотталушылар – 10 миллион теңгеден моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Қылмыстық оқиға және оның салдары

Еске салайық, қайғылы оқиға 2024 жылы Қазан айының 3-інен 4-іне қараған түні Талғарда орын алды. 16 жастағы Шерзат Полат сол жерде қайтыс болды. Отбасы ауыр қайғыға ұшырап, әділдік талап етті. Оқиғадан кейін көп ұзамай Шерзаттың әкесінің үйі өртеніп, жағдай одан әрі трагедияға ұласты. Арада екі ай өткен соң марқұмның ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың “өз-өзіне қол жұмсады” деген ақпаратпен өмірден өткендігі туралы суық хабар тарады.

Қоғамдық реакция және тергеу барысы

Бұл оқиға халық арасында үлкен наразылық тудырып, жергілікті билік өкілдеріне де әсер етті. Талғар ауданы мен қаласының басшылығы қызметінен босатылып, кейбір шенеуніктердің лауазымы төмендетілді. Қылмыстық іс бес ай бойы тергеліп, 2024 жылдың ақпан айында сотқа жолданған. Сот процесі сәуірдің 10-ы күні басталды. Күдіктілер арасында кәмелет жасқа толмаған 11-сынып оқушысы да болды.

Айыптаулар мен заң баптары

Мемлекеттік айыптаушылар соттан Қылмыстық кодекстің бірнеше ауыр баптары бойынша айып тағуды және жаза тағайындауды сұраған. Олардың қатарында:

  • 99-бап (адам өлтіру),
  • 24-бап (қылмысқа дайындалу және оқталу),
  • 293-бап (бұзақылық),
  • 434-бап (ауыр қылмыс туралы хабарламау),
  • 188-бап (ұрлық) бар.

Жәбірленуші тарап моральдық зиян ретінде жалпы сомасы 662 миллион теңгеден астам өтемақы талап етті.

10 сәуірден 5 маусымға дейін созылған сот отырысы ресми түрде аяқталды. Сот төрағасының мәлімдемесіне сәйкес, үкім бүгіннен бастап заңды күшіне енеді.

Парақшамызға жазылыңыз

Amina Temirkhanova

Журналист, SMM-маманы, графикалық дизайнер.
Алматы облысы, Қаскелең қаласы, SDU университетінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Алаш аруағы алдындағы аманат

Тарихтың жарасын ұмытпау – рух алдындағы парыз. Бүгін Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық