/

Соңғы сурет: Air India ұшағы 30 секундта апатқа ұшырап, 241 адам көз жұмды

154 рет қаралды
Суреттер: ашық дереккөздерден, Коллаж: minber.kz

12 маусым күні Үндістанның Ахмадабад қаласындағы Sardar Vallabhbhai Patel халықаралық әуежайынан Лондонның Гэтвик әуежайына бет алған Air India компаниясының AI171 рейсі апатқа ұшырады.

Ұшақ – Boeing 787-8 Dreamliner, борт нөмірі VT-ANB – ұшқаннан кейін шамамен 30 секунд ішінде апатқа ұшырап, Ахмадабадтағы B.J. Medical College жатақхана ғимаратына құлады. Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 13:38-де тіркелді. Апат кезінде ұшақ 625 фут биіктікке дейін ғана көтерілгені анықталған.

Ұшақта барлығы 242 адам болған. Олардың қатарында 230 жолаушы және 12 экипаж мүшесі болған. Жолаушылардың басым көпшілігі Үндістан азаматтары, сонымен қатар Ұлыбритания, Португалия және Канада елдерінің азаматтары да тіркелген.

Апат салдарынан 241 адам қаза тапты. Тірі қалған жалғыз жолаушы – британ-үнді текті 34 жастағы Vishwash Kumar Ramesh болғаны белгілі болды. Ол ұшақтың алдыңғы бөлігінде, 11A орнында отырған. Жерде орналасқан жатақхана ғимаратындағы бес студент көз жұмып, ондаған адам жарақат алды.

Ұшақты 8 000 сағаттық тәжірибесі бар капитан Сумит Сабхарвал басқарған. Ал бірінші офицердің ұшу тәжірибесі 1 100 сағат көлемінде болған. Ұшақ 2013 жылы өндірілген және Air India компаниясының паркінде 2014 жылдан бері қолданылып келген.

Тергеу жұмыстарын Үндістан азаматтық авиация органдары мен халықаралық сарапшылар тобы бірлесе жүргізуде. Апат орнынан қара жәшік табылып, оның мәліметтері талдану үстінде. Сарапшылардың айтуынша, апатқа қозғалтқыштың қуат жоғалтуы, қанаттың конфигурациясындағы ақау немесе шассидің дұрыс жұмыс істемеуі себеп болуы мүмкін. CCTV жазбаларында құстармен соқтығыс белгісі байқалмаған.

Ұшақтың апатқа ұшырар алдында орын алған жағдайлар арасында техникалық ақаулар мен ұшу алдындағы дайындықтың да тексеріліп жатқаны хабарланды. Boeing және General Electric компаниялары тергеуге қатысып жатыр. Air India компаниясы апаттан кейін өзінің барлық Boeing 787 үлгідегі ұшақтарына қосымша техникалық тексеріс жариялады.

Апатқа ұшыраған ұшақта радиолог дәрігер Пратик Джоши мен оның жұбайы патолог дәрігер Коми Вьяс үш баласымен соңғы рет суретке түсіп, жақындарына жіберіп үлгерген. Бұл сурет желіде кең тарап, көпшілітің жүрегін елжіретті. Деректерге сүйенсек, Лондонда тұратын үндістандық дәрігер Пратик Жоши соңғы алты жыл бойы Ұлыбританияда медицина саласында жұмыс істеп, жақындарын өзімен бірге алып кету үшін Үндістанға арнайы келген.

Апатқа байланысты Үндістан үкіметі зардап шеккен отбасыларға өтемақы төлеу туралы мәлімдеді. Ел премьер-министрі Нарендра Моди мен халықаралық қоғамдастық қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты. Апат халықаралық авиация қауіпсіздігіне қатысты жаңа талдаулар мен талаптарды қайта қарау қажеттігін алға тартты.

Парақшамызға жазылыңыз

Amina Temirkhanova

Журналист, SMM-маманы, графикалық дизайнер.
Алматы облысы, Қаскелең қаласы, SDU университетінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар