///

Ұлыбритания королевасы Елизавета ІІ туралы қызық деректер

965 рет қаралды
Jacob King/PA Wire/PA Images.

Британия халқы королева Елизавета ІІ-нің 70 жылдық мерейтойын тойлап жатыр. Елизавета ІІ Британия тарихында 70 жыл бойы тақта отырған алғашқы монарх. Осыған орай алдағы аптаның бейсенбі, жұма күндері Британия көлемінде бүкілхалықтық демалыс жарияланып отыр.

Бүгінде 96 жасқа жетіп отырған королева алғаш таққа отырғанда 26 жаста еді. Біз оқырмандарымызға Елизавета ІІ туралы қызық деректер ұсынбақпыз:

  1. Королева Елизавета Британия тарихында аса ұзақ тақта отырған бесінші монарх. Бұның алдында королева Виктория 63 жыл, Джордж ІІІ 59 жыл, Генри ІІІ 56 жыл, Эдуард ІІІ 50 жыл билік құрған. Алайда, королева Елизавета ІІ-нің есімі тақта ең ұзақ отырған патшайым ретінде тарихта алтын әріптермен жазылмақ
  2. Британия тарихында Елизавета ІІ таққа отырған алтыншы әйел.
  3. Королева Елизавета ІІ принц Филипке патша тағына отырардан бес жыл бұрын үйленіп, патшайым тәжін кигенге дейін екі баланың анасы атанып үлгерген. Принц Эндрю принцесса Аннадан кейін он жылдан, принц Эдуард бес жылдан кейін дүниеге келген. Төрт баланың анасы. Сегіз немересі, он екі шөбересі бар.
  4. Жетпіс жылдық тарихында королеваның таққа отырған мерейтойы бірнеше рет қана қоғамдық деңгейде аталып өткен. 1977 жылы Күміс мерейтойы (25 жылдық); 2002 жылы Алтын мерейтойы (50 жылдық); 2012 жылы 60 жылдық бриллиант мерейтойы дүркіреп өткен екен. Биыл Платинум мерейтойы аталып өтпек. Өкінішке қарай, королева бұл мерейтойды Принц Филипсіз қарсы алатын болады.
  5. Кезінде Британияның колониясында болған, бүгінде тәуелсіз даму жолы бар, алайда Британияның одақтасы немесе ынтымақтасы деп саналатын он алты республика Елизавета ІІ-ні ресми түрде королева деп таниды.
  6. Елизавета ІІ Британияда көлік айдау құқығы талап етілмейтін жалғыз адам.
  7. Королеваның ресми туған күні 21 сәуір болса да, Британия оның туған күнін таққа отырған күнімен қатар тойлайды
  8. Королеваның жеке байлығы шамамен $530 миллион доллар мен $11 миллиард доллардың аралығында
  9. Елизавета ІІ басқаруында Британия империясы ыдырады әрі өзге корольдармен салыстырғанда, ең көп жерінен айрылды.
  10. Жыл сайын Британия үкіметі Королева отбасына тәуелсіз грант деп аталатын бір жолғы төлем төлейді. 2021 жылы бұл £85,9 млн болды. Яғни Британияның әрбір тұрғынына шаққанда £1,29 фунттан айналады.

Бұл қаржыны королева мен оның отбасы ресми корольдік міндеттерді атқару үшін жұмсайды. Сондай-ақ корольдік сарайлары:

Букингем палас; Әулие Джеймс палас; Кенсингтон палас; Кемптон Корттағы Король ипподромы мен жайылымдары және Уиндсор қорғанын күтіп ұстау үшін осы қаржы жұмсалады.

Былтыр королева қызметкерлерінің айлығы, іссапарларына және мүлікті күтіп баптау үшін  £51.5 миллион жұмсалса, қалған £34.4 миллионы Букингем паластың жөндеу жұмыстарына жұмсалған.

11. Шын мәнісінде Британиядағы корольдік билік тек декларативті сипатқа ие. Королева жылына бір рет Парламент сессиясын ашуға қатысады. 70 жылдық тарихта ол екі сессияға қатыса алмаған екен. Екеуінде де аяғы ауыр болған. Сондай-ақ, Парламент сессиялары қабылдаған заңдарға қол қояды. Британия ғалымдары Елизавета ІІ-нің үш түрлі билікке ие екенін айтады: кеңес беру, адамдарды шабыттандыру және ескерту. Сондай-ақ, кейбір деректі фильмдер оның саясаттан бойын аулақ ұстап, саяси бейтарап болуға тырысуы бүкіл халықтың алдында сүйкімін өсіріп, елдің аяулы патшайымына айналуына ықпал еткен бірден бір фактор деп атайды.

12. Елизавета екіншінің негізгі міндеттерінің бірі халық сайлаған Премьер министрді тағайындау. Халық арасында бұл салтанат «қол сүю» деп аталады. Алайда, дәстүр бойынша жалпыхалықтық сайлауда жеңіске жеткен партия лидерін сайлау өткен күннің ертесінде королева Букингем паласқа шақырады. Әрі одан Үкіметті жасақтайсың ба деп сұрайды. Әрине бұл да шартты сипатқа ие. Дегенмен бұның да өзіндік сыры бар. Король немесе королева Премьер министрге батасын беру арқылы, Британ үкіметінің заңдылығын қамтамасыз етеді.

  1. 1952 жылдан бері Британияда 14 Премьер-министр сайланған. Уинстон Черчиллден бүгінгі Борис Джонсонға дейінгі барлық Премьерлердің мойнында елдің дамуы, халықаралық қатынас, саяси-экономикалық проблемалар болды. Алайда осының бәрі королеваның мақұлдауымен жүзеге асып келді.
  2. Королева аптасына бір рет Премьер министрмен кездескенімен олардың не сөйлескені, нені талқылағаны жұрт көзінен таса өтеді әрі құпия болып келеді.
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Шыңғыс Ергөбек, саясаттанушы: Қазақстанның сыртқы саясаттағы бағыты түбегейлі өзгере ме немесе Президенттің соңғы сапарларынан не түйдік?

Мемлекет басшысының соңғы уақыттағы сыртқы саясаттағы әрекеттері Қазақстанның көп векторлы саясатқа ауғандығының ғана емес, сыртқы саяси