/

«Ақтөбе» Еуропа лигасындағы жарыс жолын аяқтады

349 рет қаралды

Қазақстан Кубогінің иегері жарысты алғашқы кезеңде-ақ аяқтады.

Польшаның “Легия” командасымен екі ойын өткізген Ақтөбе екі матчта да 0:1 есебімен жеңілді.

“Ақтөбе” қақпасын 92-минутта варшавалық клубтың колумбиялық легионері Юрген Элитим дәл көздеді.

Ең өкініштісі Оралхан Өміртаев Варшавада да, Ақтөбеде де гол соқты. Бірақ оның екі голы да есепке алынбады.

Енді “Ақтөбе” жарысты Конференциялар лигасында жалғастырады. Ол жарыстың екінші кезеңдегі ойындар шілденің 24 және 31-і аралығында өтеді.

Қарсылас Чехияның “Спарта” командасы.
Ал “Легия” Еуропа лигасының екінші кезеңінде чехиялық “Баникпен” кездеседі.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Әлем біріншілігінің алтыны

Фото: www.ijf.org Болгария Астанасы София қаласында өтіп жатқан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының екінші күні аяқталды.