///

Биыл Halyk Bank еліміздің 5 өңірінде журналистерге семинар-тренинг өткізеді

150 рет қаралды
фото авторы: Halyk Bank

Биыл Halyk Bank еліміздің 5 өңірінде қазақтілді журналистерге арналған семинар-тренингтер өткізеді – Орал, Қостанай, Семей, Тараз және Өскемен қалаларында. Тренингтердің мақсаты – өңірлік журналистердің қаржылық сауатын арттыру. Айта кетейік, мұндай тренингтер былтыр Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Ақтау қалаларында өткен болатын.

Бұл жоба арқылы банк бірінші кезекте өңірлік БАҚ өкілдерінің қаржылық сауатын арттыруды мақсат етеді. Осындай іс-шара арқылы банк журналистермен сенім және жақсы қарым-қатынас орнайды деген үмітте. Оған қоса, соңғы кездері еліміздері алаяқтардың құрбаны болғандар саны артып жатыр. Осы ретте банк өкілдері алаяқтардың жаңа схемаларына тоқталып, оларға алданбау жолдарын айтып берді.

«Банк қызметкері ешқашан дербес деректерді және карта деректерін сұрамайды. Картаның қолданылу мерзімі, әртүрлі кодтар, – мұның барлығы банк қызметкеріне керек емес. Мұндай мәліметтерді әдетте алаяқтар сұратады. Сондықтан абай болыңыздар», – деді Halyk Bank БҚО облысы филиалы директорының орынбасары Губашев Ринат.

Ресми деректерге сүйенсек, жыл басынан бері 10 000-нан аса интернет алаяқтық тіркелген. Бұл былтырмен салыстырғанда 4-5 есеге көп екен. Осыған байланысты банк клиенттердің алаяқтарға алданбауы үшін барынша күш салып, алаяқтық, қаржылық сауаттылық сияқты мәселелерді қамтуға бағытталған бірқатар семинарларды өткізуді қолға алып отыр. Банктегілердің айтуынша, олар қазақстандықтарды алаяқтардан қорғап, журналистер арқылы олардың қаржылық сауатын арттырғысы келеді.

Банк үшін ең бастысы – клиенттердің қауіпсіздігі және олардың банкке деген сенімі. Айта кетейік, банк семинарлардан бөлек алдағы уақытта вебинарлар өткізуді жоспарлайды.

Парақшамызға жазылыңыз

Amina Temirkhanova

Журналист, SMM-маманы, графикалық дизайнер.
Алматы облысы, Қаскелең қаласы, SDU университетінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Ботайдың боз айғырының оралуы

Сүйінші, ағайын!!! Солтүстік Қазақстан облысында керемет бір жоба іске асты. Біздің көшпелі бабаларымыздың адамзат өркениетіне қосылған