//

Ботайдың боз айғырының оралуы

50 рет қаралды

Сүйінші, ағайын!!! 👏👏👏

Солтүстік Қазақстан облысында керемет бір жоба іске асты. Біздің көшпелі бабаларымыздың адамзат өркениетіне қосылған үлесі – жылқы малын қолға үйретуі. Осынау ғажап оқиғаны бейнелеген ескерткіш Солтүстік Қазақстан облысында бой көтерді. Осы облыстың аймағында анықталған Ботай қонысында жылқы малы ең алғаш қолға үйретілгені әлем ғалымдары тарапынан бұлтармас деректермен дәлелденген еді.
Әлем мойындаған бұл жаңалықтарды өз жұртымыз әлі күнге дейін бейғам қабылдап, немқұрайлы қарайды.
Ал мынау ғаламат сәулетті ескерткіш осы олқылықтың орнын толтыруға үлес қосары анық.
Бұл ескерткішті асау атты ауыздықтаған ата-бабаларымызға мәңгілік тағзым деп білемін.
Құтты, қайырлы болсын, қазақ елі!!!  Ескерткіш авторы: Жалын Бауыркан.

Arman Aubakir ФБ-парақшасынан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар