Фото: Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы баспасөз қызметінен
Германияның Рейн-Рур өңірінде өтіп жатқан дүниежүзілік Универсиаданың кезекті жүлдесі қоржынға түсті. Оны таэквондошы Дамир Шуленов жеңіп алды.
Дамир 68 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Ол жартылай финалға дейін жетті. Бірақ ақтық сынға жолдама берер бәсекеде Қытай спортшысы Юшуай Лянға жол берді. Алайда таэквондо ережесіне сәйкес, барлық жартылай финалға шыққан спортшы қола медальмен марапатталады.
Айта кетейік, бұған дейін көркем гимнаст Айбота Ертайқызы қола жүлдеге ие болғанын жазған едік.
Түгелбай Бисен
Парақшамызға жазылыңыз