Фото: nnpcfk.kz
Биыл жаһандық студенттер ойыны Германияның Рейн-Рур өңірінде өтеді. Шілденің 16-сы мен 27 аралығында болатын ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиада әдеттегідей халықаралық университеттік спорт федерациясының (FISU) бастамасымен ұйымдастырылады.
Әлем студенттері сайысында Қазақстан намысын 76 спортшы қорғайды. Олар 12 спорт түрінде сынға түседі. Сонымен қатар ұлттық құраманың сапында 18 жаттықтырушы мен 6 ресми өкіл бар. Делегация құрамында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық дене тәрбиесі ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Арман Ташметов болады. Спортшыларды жарысқа дайындау және ұйымдастыруды осы Орталық үйлестіреді.
Назарларыңызға Қазақстан құрамасын ұсынамыз.
Қылыштасу: Әбжал Бексұлтан, Серікбай Адема, Федотов Александр, Жулинский Никита, Эргашбай Қуаныш, Павлов Кирилл, Ко Полина, Жаныбек Қайша, Жайлыбай Нұрмұхаммед.
Көркем гимнастика: Айбота Ертайқызы.
Бадминтон: Махсут Таджибуллаев, Диляра Джумадилова, Дмитрий Панарин, Айша Жұмабек.
Үлкен теннис: Екатерина Дмитриченко, Ілияс Маратұлы.
Садақ ату: Мұса Ділмұхаммет, Андрей Тютюн, Егор Поляков, Айжан Сейдахметова, Роксана Юнусова, Берча Иван, Эльмира Раисова.
Жүзу: Артур Миронов, Ришат Жұмағұлов, Глеб Коваленя, Айбат Мырзамұратов.
Академиялық ескек есу: Роза Кенес, Мария Чернец, Бапан Асханбек, Иван Чернухин, Алексей Красновский, Тимур Фомичев, Ярослав Мельников, Владислав Галкин.
Үстел теннисі: Кенжеғұлов Айдос, Акашева Зауреш.
Спорттық гимнастика: Идрисов Зейнолла, Патанин Дмитрий, Тойшыбек Диас, Темірбек Алтынхан, Салимов Асан.
Жеңіл атлетика: Залюбовская Александра, Ермола Кристина, Фроловский Максим, Овчинникова Кристина, Токсанбаева Ясмина, Матвеева Елизавета, Чистякова Алина, Насыров Зелимхан, Рыпакова Анастасия.
Таеквондо: Дүйсенбек Әзірет, Тлеулес Тамерлан, Абабакиров Самирхон, Шуленов Дамир, Орынбасар Мәқсат, Төлеуғали Батырхан, Қаблан Бейбарыс, Ахмедова Нодира, Сүндетбай Айдана, Севостьянова Мария, Әділбекқызы Айша, Хусаинова Нурай.
Дзюдо: Дархан Қойбағар, Байтас Бақжан, Жантілек Нұртілепұлы, Азат Күмісбай, Акерке Рамазанова, Дина Мұханбет, Нұрқанат Серікбаев, Айдар Арапов, Аман Бақытжан, Кристина Сотникова, Самалай Ерғалиева, Диана Буркеева.
Универсиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын Азия ойындарының чемпионы, Париж Олимпиадасының қатысушысы — таеквондошы Батырхан Төлеуғали ұстайды.
Айта кетейік биыл Универсиада бағдарламасына жеңіл атлетика, жүзу, ескек есу, қылыштасу, гимнастика, садақ ату, таеквондо жалпы айтқанда 18 спорт енді. Жарысқа әлемнің 160-тан астам елінен 500-ден астам студент спортшы қатысады.
Біздің құрама 1993 жылдан бері тұрақты түрде универсиадаға қатысып келеді. Осы уақыт аралығында ұлттық құрама бірнеше мәрте жүлдегерлер қатарынан көрініп үлгерді. Ал 2023 жылы Қытайдың Чэнду қаласында өткен ХХХІ жазғы Универсиадада отандық спортшылар 2 алтын, 7 күміс, 11 қола медаль жеңіп алды. Бұл – Қазақстан үшін жазғы Универсиадалар тарихындағы екінші ең табысты көрсеткіштердің бірі болды. Ал ең жоғары нәтиже 2013 жылы Қазан қаласында өткен Универсиадада тіркелді – сол жолы Қазақстан студенттері 30 медаль еншіледі.
Түгелбай Бисен
Парақшамызға жазылыңыз