/

Орталық Азия чемпиондар лигасында ел намысын кім қорғайды?

107 рет қаралды

Шілденің 17-сі мен 23-ші аралығында Мальдив аралдарының астанасы Мале қаласында волейболдан Орталық Азия чемпиондар лигасы жарысы өтеді.

Қазақстан Волейбол федерациясының мәліметінше, биыл аталмыш додаға 5 елден 6 команда қатысады. Бұл турнир – сары құрлықтағы беделді бәсеке бірі.


Мальдив алаңын думанға бөлейтін шұбар доп шеберлері сынында ел намысын Оралдың «Жайық» командасы қорғайды.
Үздіктер жарысында сынға түсетін «Жайық» командасын танымал бапкер Виктор Козик бастап барады. Команда құрамын биыл ел чемпионатын жеңіп алған ойыншылар құрайды.

Негізгі құрамның 8 волейболшысы турнирге қатысады. Олар: Евгений Гоф, Владимир Прокопьев, Әмірбек Бексарнинов, Виталий Эрдштейн, Сергей Окунев, Айдын Әділбеков, Володимир Ковальчук және Виталий Вореводин. Сонымен қатар бапкер еліміздің жетекші клубтарында өнер көрсететін мықты волейболшыларды қатарға қосты.

Мальдив аралдарында «Жайық» сапында «Буревестник» ойыншылары Сергей Кузнецов, Клим Рюхов, «Ақтөбе» лидері Қадырхан Нодирханов және «Атырау» көшбасшысы Орал волейболының түлегі Петр Чурзин ойнайды.

«Жайық» клубы турнирдегі алғашқы ойынын бүгін өткізеді.

Қарсылас – Шри-Ланканың «Ports Authority» командасы.
Бұл жарыс – тек спорттық дода емес, сонымен қатар ел намысын қорғау миссиясы.

Бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасы Израиль мен Иран арасындағы геосаяси жағдайға байланысты Бахрейнде өтетін Ұлттар кубогіне қатыса алмаған еді. Енді бұл жауапкершілікті отандық аренада сәтті өнер көрсеткен «Жайық» командасы арқалап отыр.

Түгелбай Бисен,

Фото: БҚО спорт және дене шынықтыру басқармасынан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар