Фото: Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы баспасөз қызметі
Таеквондо демекші…
Германия төрінде дүбірі қалың Универсиада өтіп жатыр. Күллі әлемнің үкілеп қосқан студент спортшылары жиналған жарыста қазақтың көк байрағын көкте желбіреуде.
Биіктен болмаса да туымыздың көтерілгеніне қуанып жатырмыз. Кезекті жарыс күнінде Бейбарыс Қабылан жүлдеге ілікті.
Осы универсиадада қазақ таеквондошысы қола жеңіп алуы керек деген дәстүр бар-дай. Бейбарыс ел қоржынына салған жүлде қола.
-87 келі салмақта боз кілемге шыққан Бейбарыс «мен де елден қалмайын» деді ме, қалай өзі?… Жан алысып, жан берісіп жүріп, жүлдені жұлып алды.
Қабылан атына заты сай екен. Қарсыласын бүріп, бұрыла соғып, бағын тартып алды. Бірақ жартылай финалдан әрі аса алмады. Әйтсе де, әлемдік аламанда қола деген – қоңыр емес, қастерлі жүлде.
Айтпақшы, бұл – таеквондошыларымыздың Универсиада басталғалы алып жатқан төртінші қола медалі.
Осы қарқынмен кете берсе, командалық есепте де бір нәтижеге жетерміз.
Түгелбай Бисен
Парақшамызға жазылыңыз