/

Универсиада ашылуында көк туымызды ұстап шыққан спортшы жүлдегер атанды

65 рет қаралды

Фото: Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы баспасөз қызметі

Әлем студенттерінің дүбірлі думаны ХХХІІ жазғы Универсиадада тағы бір қазақстандықтың маңдайы жарқырады. Бұл жолы 80 келіде өнер көрсеткен Батырхан Төлеуғали кіл мықтылардың арасынан суырылып шығып, қола жүлдені қанжығасына байлады.

Батырхан әр жекпе-жегіне бекем шықты. Жолындағы қарсыластарын еш қиналмай жеңіп, жартылай финалға емін-еркін жетті.

Бірақ шешуші сынның табалдырығында сүрінді. Сүрінді деген аты ғана. Шынтуайтында Батырхан сол жекпе-жекте барын салды. Бірақ спортта бәрін нәтижеге қарап бағалайды. Ал нәтиже — қола медаль.

Осылайша Германия төріндегі студенттер сайысында ел қоржыны бесінші жүлдемен толықты.

Бәрі де — қола. Таеквондо шеберлері төртеуін еншілесе, бірін көркем гимнастикада Айбота Ертайқызы жеңіп алды.

Бес жүлденің төртеуін аянбай тер төккен таеквондошылар әкелді.

Универсиаданың жүлдесі — жай медаль емес. Ол — болашақ чемпиондардың бүгінгі куәлігі. Бүгін Батырханның мойнына таққан медалі — ертең Олимп шыңына бастар жолдың алқасы болуы бек мүмкін.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар