Фото: Темірлан Анарбековтың Instagram парақшасынан
“Қайрат” Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне өткені үшін қанша ақша тапты? “Кошелек” телеграм арнасы хабарлағандай алматылық клуб жоқ дегенде 20,18 млн еуро табыс тапты.
Оның 18,62 млн еуросы лиганың жалпы кезеңіне шыққаны үшін берілетін сыйақы. 1,28 млн еуро ТВ-келісімшарттан түсетін төлем. “Кошелек” арнасы Қазақстан теленарық күші жағынан ең әлсіз қауымдастық болғандықтан осынша аз қаржы беріліп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ жоғары бонус алуға “Қайраттың” клубтық рейтингі төмен болуы да әсер етеді. Жалпы кезеңдегі ең төменгі нәтижелік бонус 0,28 млн еуро. (Бұл сомма 36-орын иегеріне беріледі).
Осылайша Темірлан Анарбековтің пенальти сериясындағы үш сэйві 11 млн еуроға тең.
Ал “Селтик” Еуропа лигасында кемінде 8,6 млн еуро алады (4,31 млн – осы кезеңге шыққаны үшін, 4,29 млн – Чемпиондар лигасынан шығып қалған қатысушыларға берілетін өтемақы).
Түгелбай Бисен,
БҚО, Орал қаласы
Парақшамызға жазылыңыз
Жаса, Темірлан Анарбек!