/

Қосанов мемориалы аяқталды: нәтиже қандай?

56 рет қаралды

Алматыдаға алыс-жақын шетелден келген жеңіл атлеттер XXXIV Ғұсман Қосанов халықаралық турнирін қорытындылады.

Жарыстың соңғы күнінде де Қазақстан құрамасының спортшылары ел қоржынына біраз медаль салды.
Атап айтар болсақ, 100 метрге кедергілер арқылы жүгірген бұрымды спортшылар додасында жеңіс тұғырына түгелдей қазақстандық спортшылар көтерілді.

Бұл қашықтықты 13.73 секундта еңсерген Юлия Башманова чемпион атанса, күміс медальді Ирина Конищева иеденді.Оның уақыты 13.88, қола медальді 14,39 секунд көрсеткіш тіркеген Алина Чистякова иеленді.
Сырықпен 4 метрге секірген Полина Иванова да топ жарды. Бұл сында екінші орынды Қазақстан құрамасының тағы бір мүшесі Анна Черкашина жеңіп алды.

Ол 3.8 метр биіктікті бағындырды. Ал 4×400 метрлік аралас эстафетаға шыққан Эльнор Мұхитдинов, Аделина Земс, Александра Залюбовская және Андрей Соколов төрттігі мәреге бірінші болып келді.

Қазақстан құрамасының нәтижесі – 3:25.65.

Одан бөлек 110 метрге кедергілер арқылы жүгіру сынында Давид Ефремов 13.99 секунд көрсеткіш тіркесе, найзаны 72.72 метрге лақтырған Артур Гафнер, 13.48 метрге үш қарғып секірген Мария Ефремова мен 200 метр қашықтықты 24.27 секундта бағындырған Александра Залюбовская турнирдің күміс жүлдегерлері атанды.

Сондай-ақ Антон Боднар (биіктікке секіру, 2.), Диана Гейнц (найза лақтыру, 44.53), Евгения Красаева (800 метр, 2:12.51), Никита Изотов (800 метр, 1:53.97), Евгений Прокудин (110 метрге кедергілермен жүгіру, 14.25), Виктория Ан (200 метр, 24.57), Виталий Земс (200 метр, 21.24), Ақбілек Құралбай (5000 метр, 17:24.03), Игорь Хрунин (500 метр, 15:30.63) секілді спортшылар Қосанов Мемориалының қола жүлдесіне қол жеткізді.

Түгелбай Бисен,

Фото ҚР Жеңіл атлетика федерациясынан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар