/

Алматыдағы даулы №215 мектеп қазақ мектебі болып ашылды

36 рет қаралды

Фото: Threads/@rakhimberlinturar парақшасынан

Алматыда жаңа оқу жылы қазақ тілінің жеңісімен басталды. Алматыдағы қоғам талқылауына түскен №215 мектеп ақыры қазақ мектебі болып ашылды.

Бұған дейін бұл білім ордасы қазақ мектебі ретінде жоспарланған еді. Алайда кейіннен мектепті «аралас» ету ұсынысы шығып, оған ата-аналар мен жергілікті тұрғындар наразы болған. Қоғам белсенділері де қарсылық танытып, қол жинап, жаңа мектептің толыққанды қазақ мектебі болуын талап еткен. Ашық пікір білдіргендердің қатарында ұстаз Дархан Ардақұлы да болды. Ол әлеуметтік желіде «мектепке барамыз» деп жазғаны үшін «рұқсатсыз митиңге шақырды» деген айыппен 15 тәулікке қамалды. Қазір ол 7 қыркүйекте бостандыққа шығуға тиіс. Алматы жұрты бұл шешімді қазақ тілінің мәртебесі үшін маңызды қадам деп қабылдады.

Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, биыл еліміз бойынша 360 мыңнан астам бала 1-сыныпқа қадам басты. Олардың 72 пайызы қазақ тілінде білім алуды таңдаған. Бұл көрсеткіш қазақ мектебіне деген сұраныстың артып келе жатқанын дәлелдейді.

Жаңа оқу жылындағы ең үлкен жаңалықтардың бірі – Алматыдағы №215 мектептің қазақ тілінде ашылуы болды.

Бегім Көктүрік

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Бес стадионның нешеуі салынады?

Фото: sportplustv.kz Алматылық «Қайрат» чемпиондар лигасындағы қарсыластарын білген соң әлеуметтік желіде халықтық клуб пен оның қарсыластарының