Фото: inform.kz
Бүгін Англияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионаты басталады.
ҚР туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, қазақстандық боксшылар жаһан жарысында барлық 20 салмақта бақ сынайды.
Биылға әлем чемпионатының басты ерекшелігі ол жарыс алғашқы рет халықаралық “World Boxing” федерациясының қолдауымен өтіп жатыр.
Жекпе-жектер 4–14 қыркүйек күндері өтеді.
Чемпионат бағдарламасында ерлер 10 және әйелдер 10 салмақта кім мықтыны анықтайды.
Бүгін басталған жарыста. 10 қыркүйекке дейін алдын ала және ширек финалдық жекпе-жектер өтеді, ал жартылай финал мен финалдық кездесулер 12–14 қыркүйек күндері болады.
Әлем чемпионатының тікелей трансляциялары «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі.
Біздің ел намысын кімдер қорғайды? Ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сатжанов төмендегідей жігіттерге сенім артып отыр.
• 50 кг Санжар Ташкенбай
• 55 кг Махмұд Сабырхан
• 60 кг Бейбарыс Жексен
• 65 кг Ертуған Зейнолинов
• 70 кг Торехан Сабырхан
• 75 кг Сабыржан Аққалұқов
• 80 кг Нұрбек Оралбай
• 85 кг Бекзад Нұрдәулетов
• 90 кг Сағындық Тоғамбай
• 90 кг Айбек Оралбай
Ал әйелдер құрамасын жарысқа бастап барған Елдос Сайдалин мына қыздарға үміт артты:
• 48 кг Назым Қызайбай
• 51 кг Алуа Балқыбекова
• 54 кг Элина Базарова
• 57 кг Карина Ибрагимова
• 60 кг Виктория Графеева
• 65 кг Аида Әбікеева
• 70 кг Наталья Богданова
• 75 кг Надежда Рябец
• 80 кг Гүлсая Ержан
• 80 кг Елдана Талипова
Қазақстандық боксшылар әлемдік рингтің көшбасшыларының қатарында. Ливерпульдегі турнир олар үшін алдағы халықаралық жарыстар алдындағы маңызды сынақ болмақ.
Жарыстың алғашқы күні шаршы алаңға екі боксшымыз шығады. Олар әйелдер арасындағы 54 келіде бокстасатын Элина Базарова мен 90 келі тартатын ерлер сынындағы Сағындық Тоғамбай.
Түгелбай Бисен
Парақшамызға жазылыңыз