//

Мектепке дейінгі білім мен тәрбие саласында қандай өзгерістер бар?

286 рет қаралды

Сурет: www.freepik.com

Елімізде балабақшалар саны көбейіп, кезек мәселесін шешу үшін түрлі шаралар қабылдануда. Бұл мектепке дейінгі білім беру саласына қалай әсер етуде? Балаларды балабақшамен қамтудағы қазіргі жағдай қандай?

Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы жариялаған мәліметке сәйкес, соңғы алты жылда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезек шамамен бес есе қысқарған. 2019 жылы кезекте 446 176 бала тұрса, 2025 жылғы 1 қаңтарда бұл көрсеткіш 84 мың балаға дейін азайды. Алты жыл бұрын 10,5 мың мектепке дейінгі білім беру ұйымында 892 мың бала тәрбиеленсе, 2025 жылы ұйымдар саны 11,8 мыңға жетіп, ондағы бала саны 1 миллионнан асты.

Ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығының деректеріне сүйенсек, қазір елімізде 8 717 балабақша және 2 964 мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс істейді. 2024 жылғы мәлімет бойынша, мектепке дейінгі ұйымдарда 101 493 педагог қызмет атқарады.

Биыл балабақшаға кезекті азайту мақсатында қаржыландыру жүйесіне өзгерістер енгізілді. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, 2025 жылдың соңына дейін барлық балабақша толықтай ваучерлік қаржыландыру жүйесіне көшеді. Жыл басынан бері бұл жүйенің пилоттық жобасы еліміздің 20 қаласы мен 7 ауданында сәтті жүзеге асырылды.

“Пилоттық кезеңде 461 мың ваучер беріліп, балабақшаға кезектілік 93 мыңға қысқарды. Нәтижесінде жергілікті бюджеттен 7,7 млрд теңге үнемделді”, — деді министр.

Сонымен қатар, министірдің айтуынша, бүгінде “Тілге бойлау” және “Беске дейін үлгер” жобалары іске асырылып жатыр. Бұл бастамалар 135 балабақшада 7 мыңнан астам бүлдіршінге мемлекеттік тілді меңгеруге мүмкіндік беріп, ата-аналарға үй жағдайында баланы дамытуға қолдау көрсетеді.

Сурет: Facebook

Қазір балабақшаға орналасу үшін алдымен ваучер алуға кезекке тұру қажет. Кейін ата-ана сол ваучерді пайдаланып, бос орын бар балабақшалардың ішінен ыңғайлысын таңдап, баланы тіркейді. Ваучердің күшін жойып алмау үшін ай сайын балабақшаға барып жүрген баланың табелін жүктеп отыру маңызды. Ата-аналардың айтуынша, бұл жүйенің басты артықшылығы – балабақша таңдау еркіндігі.

“Бұрын балабақша ауыстыру үшін алдымен баланы бұрынғы бақшасынан шығарып алу керек болатын. Қазір бала бұрынғы бақшасына баруын жалғастырып жүріп, ата-анасы қалаған басқа балабақшаға кезекке тұра алады. Онда орын босаған кезде мүмкіндік бірінші кезекте тұрғандарға беріледі. Арнайы жеңілдігі бар балалар мен қалған балалардың кезегі қатар жүреді”, – дейді Раушан, балабақшаға барып жүрген баланың анасы.

2024 жылы 2-6 жас аралығындағы балалардың 93,1%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылды. Президенттің “Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым” сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде берілген тапсырмаға сәйкес, 2025 жылы мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында көзделгендей, қамтуды 95%-ға дейін арттыру, ал 2028 жылға қарай 100%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы ұсынған мәліметте жазылған.

Ақбота Абаева,

SDU студенті

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар