/

Өскемен әкімі: «Шнайдер көпірін қысқа уақыт мерзімінде қалпына келтіреміз»

53 рет қаралды

Фото: Өскемен әкімдігінен

1 қыркүйек Өскемендегі Шнайдер көпірінің бір бөлігі опырылып түсті.
Үлбі өзенінің үстінен өтетін бұл өткел де екі жыл бойы 600 миллион теңгеге
жөнделген еді.
3 қыркүйек «Қазақстан Промтранспроект» және ЖШС көпірдің жағдайына
шолу жасады.

Алдағы күндері техникалық тексеру өтпек. Бұл жайлы қала әкімі Алмат Ақышов instagram парақшасында хабарлады.
Оқиға болған күні жергілікті әкімдік жағдайға байланысты мәлімдеге жасап, төтенше жағдай жариялады.
«Біз көпірдің жағдайына баға беру үшін Алматы қаласынан мамандарды шақырып
қойдық. Ең аз мерзімде, шамамен 2-3 айда көпірді қалпына келтіруге
тырысамыз», – деді Алмат Ақышов.
Сондай ақ бұнда екі жыл бойы жөндеу жүріп, 600 миллиард теңге
қаражат жұмсалғанын да атап өтті.
Үш күн қатарынан жауған жаңбырдың әсеріне өзендегі су деңгейі көтеріліп, көпірдің опырылуына әкелген болса керек. Зардап шеккендер жоқ.

Ақбота Абаева

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Бес стадионның нешеуі салынады?

Фото: sportplustv.kz Алматылық «Қайрат» чемпиондар лигасындағы қарсыластарын білген соң әлеуметтік желіде халықтық клуб пен оның қарсыластарының