//

Жаңа оқу жылында білім беру жүйесіне қандай өзгерістер енді?

66 рет қаралды

Фото: pin.it

1-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін барлық оқушы үшін оқыту үрдісіне жасанды интеллект негіздері енгізіліп жатыр.

Оқу-ағарту министрлігі жазғандай, мұндағы басты мақсат балаларға ЖИ-ді сауатты басқару мен қолдануға үйрету.

ЖИ негіздері оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып енгізіледі. ЖИ қолдану мен оның этикасын түсіндіретін интерактивті модульдерден тұратын «Day of AI» онлайн курсы барлық оқушы үшін қолжетімді болмақ.

10-11 сыныптан бастап қазақстандық оқушыларға бастапқы кәсіби біліктілік беретін ерте бейіндік бағдарлау жүзеге асырыла бастайды. Ал заманауи жаңа стандарттарға сай білім беруге бағытталған «Келешек мектептерінде» 7-сыныптан бастап оқушыларға кәсіби бағдар беру қолға алынады.
Қазір «Маман» деп аталатын арнайы платформа әзірленіп, жетілдіріліп жатыр. Оған сәйкес әр баланың икемі, қызығушылығы, мүмкіндігі ескеріліп, бағдарлау жүргізіледі.

Меншік нысанына қарамастан, барлық білім беру ұйымына «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізіледі.
Ол биылғы Президент тапсырмасына сәйкес жалпыұлттық құндылықтар мен Абай философиясына негізделіп қайта жаңғыртылған.
Барлық білім беру ұйымында бірыңғай визуалды ортаға арналған брендбук әзірленіп, бірыңғай дизайн-код енгізіліп жатыр.

Мектептер мен колледждерде буллинңге қарсы «ДосболLIKE» бағдарламасы іске қосылады.

Сондай-ақ мектептерде ыстық тамақ ваучерлік жүйе арқылы, «Әлеуметтік әмиян» негізінде төленеді.
2025 жылдың соңына дейін балалардың мүддесін басты назарға алатын «Қазақстан балалары» біртұтас бағдарламасы қабылданбақ.

Жаңа оқу жылында 4,1 миллионға жуық оқушы білім алады.

Оның 360 мыңнан астамы 1-сыныпқа аяқ басады.

Олардың 72% қазақ тілінде оқуды таңдаған.

Ал 232 мың оқушы мектептегі соңғы жылын оқиды.

Басты жаңалықтың бірі 83 мектеп ашылып, оның ішінде 57-сі «Келешек мектептері» жобасы аясында бой көтерген.

Динара Насыр

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Әлем біріншілігінің алтыны

Фото: www.ijf.org Болгария Астанасы София қаласында өтіп жатқан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының екінші күні аяқталды.