Азиададан тағы екі алтын түсті

50 рет қаралды

Бахрейннің Манамада қаласында жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары қыза түсті.

Бүгінгі жарыс күні де алтынмен басталды.
Таеквондода сынға түскен Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Васенкин жасөспірімдер Азиадасының чемпионы атанды.

Женя 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Қарсы келген қарсыласының барлығын жеңді.

Евгений ақтық сында өзбекстандық Асадбек Самандаровпен күш сынасты. Нәтижесінде отандасымыз 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Фото: Арлан Олжабай

Жасөспірімдер Азиадасы аясындағы муай-тай бағдарламасында өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының спортшысы Альбина Жуминова кешенді ойындардың жеңімпаз атанды.

Альбина 51 келіге дейінгі (16-17 жас) салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Қарсыластарын сенімді түрде жеңген ол ел қоржынына жетінші алтын жүлдені салды.

Шешуші жекпе-жекте Жуминова Камбоджа өкілі Срейпен Омды 30:27 есебімен ұтты.

Түгелбай Бисен

 Фото: Арлан Олжабай

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Желаятар қос қола иеленді

Бахрейннің Манамада қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңіл атлетика додасында 3000 метрге жүгіру сайысында

Азиаданың сегізінші алтыны

Қазақстандық жеңіл атлет Максим Сажнев Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль

«Қайрат» ел чемпионы атанды

Футболдан ел чемпионатының соңғы турында “Астана” мен “Қайрат” Алматыда кездесті. Соңғы ойын нағыз чемпиондық матч болды.