/

Азия ойындары: қоржында екінші күміс

65 рет қаралды

Бахрейннің Манамада қадасында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында жеңіл атлет Виктория Мельникова Қазақстан құрамасына екінші күміс жүлдені сыйлады.

1500 метрге жүгіруде сынға түскен Вика финалдық жарыста сәтті өнер көрсетті.

Мельникова қашықтықты 4:51.61 уақытта жүгіріп өтті.

Алтын медальді Өзбекстан өкілі Назима Рахимжонова (4:51.20) жеңіп алды, ал Шри-Ланка спортшысы Санипа Гимхани (4:52.32) қола жүлдеге ие болды.

Осы додада жарысқан қазақстандық тағы бір жеңіл атлет Агата Красаева жетінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар.

Бұған дейін Рамазан Айнегов (триатлон) күміс, ал Глеб Клепинин (жеңіл атлетика) мен Әлиям Әзізова (пенчак силат) қола медаль жеңіп алған болатын.

Сурет: Сали Сабиров,
Дереккөз: olympic.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар