/

Азия ойындарының кезекті алтыны қоржынға түсті

61 рет қаралды

Сурет: Арлан Олжабай, ҚР ҰОК баспасөз қызметінен

Сүйінші! Бахрейннің Манамада қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ІІІ Азия ойындарының кезекті алтыны қоржынға түсті.

Оны таеквондошы Айым Серікбаева жеңіп алды.

44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Айым қарсыластарының бәрін жеңді.

Финалда Серікбаева вьетнамдық Хуэн Хоаннан 2:0 есебімен басым түсті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде екі алтын медаль иеленді. Бұған дейінгі алтынды велошабандоздар аралас эстафетада жеңіп алған болатын.

– Бүгінгі жарыста бәрі ойдағыдай болды. “Чемпион боламын” деп едім. Нәтижесінде мақсатыма жеттім.

Осымен тоқтап қалмаймыз. Жеңістер әлі алда. Ал бүгінгі жарыста ең қиын болған сәт – жартылай финал. Кішкене өзімді қолға ала алмай қалдым. Қолдау көрсеткендеріңізге рахмет”, – деді Айым Серікбаева Olimpik. Kz сайтына берген сұхбатында.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар