/

Банк картасын басқаға беру қылмыс па?: Бас прокуратура маңызды ескерту жасады

43 рет қаралды
1

Фото: www.istockphoto.com

Бас прокуратура банк карталарына қатысты маңызды ескерту жасады.

2025 жылғы 16 шілдеде Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша Заңына қол қойған.

– Азаматтардың киберортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ақша қаражатының заңсыз айналым арналарын тоқтату мақсатында «дропперлік» – яғни, өзінің банк картасын, шоттарын және өзге де төлем құралын сыйақы үшін үшінші тұлғаларға бергені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді, – делінген хабарламада.

Жаңа ҚК-нің 232-1-бабы 2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап күшіне енді.

Заң күшіне енген уақыттан бастап елде аталған бап бойынша 7 қылмыстық іс тіркелген.

Мысалы, Астанада алаяққа Қазақстан Республикасының азаматынан ұрланған ақша қаражатын аудару үшін өзінің банктік шотының деректемелерін берген он жеті жастағы жасөспірімге қатысты тергеу басталды.

Алаяқтар уәде еткен сыйақы үшін ол енді жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін.

Өздерінің банктік шоттарын, соның ішінде өзге елден оларды қылмыстық схемаларда пайдалану үшін ұсынатын шетел азаматтарына да қолданылады.

Дегенмен Қылмыстық кодекстің 232-1-бабына ескертпеге сәйкес, құқыққа қайшы схемаға тартылған, бірақ бұл туралы уәкілетті органдарға өз еркімен хабарлаған және қылмысты ашуға белсенді ықпал еткен адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Егер сіз бұрын шоттарыңызды үшінші тұлғаларға берген болсаңыз, дереу банк бөлімшесіне хабарласыңыз немесе онлайн-банкиң арқылы картаны бұғаттаңыз.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар