///

Бақытбек Бәмішұлы. Ұлытау: Алтыншоқы басында оқылған өлең

132 рет қаралды

Қазақстан Жазушылар Одағы мен «Зейнолла Сәнік қорының» бірлескен экспедициясы Ұлытаудың Алтыншоқысына ат басын бұрдық.

Қазақтың байтақ даласында Алтыншоқы атты жер көп. Оның әр қайсысының ойы да, бойы да біріне бірі ұқсамайтын, бірін екіншісі қайталамайтын, өзіне ғана тән өзгеше ерекшеленетін жеке баяны бар. Осы ерекшеліктерін қазақ бабаларымыз жер-суға ат бергенде мұқият ескерген, олардың сезімталдық, көріпкелдік қабылетінің кереметтігі сондай еш қателеспеген. Соған сай әр атаудың тарихтан алатын өз биігі, өз орнын айқындап кеткен. Сол шоқылар ішінде жолы да, жорасы да алдарақ Алтын Шоқысы біреу. Ол Ұлытауда.

Ұлтаудың бір тал шөбінің, бір түйір тасының, бір тамшы суының, бір жұтым ауасының аңдаған адамға айтатын шежіресі бар. Айтқанда арыдан, тереңнен, түптұқиянынан қозғайды. Ал Алтыншоқысының жөні тіпті бөлек-ақ.

Алтыншоқыда тұрып айналаңызға көз жіберсеңіз жердің ең биігі әрі кіндігі тап осы жер, осы түп, осы түк сияқты.  Өйткені көз ұшындағы төңіректі қоршап жатқан таулар сілемі, көк майсасы тұтаса біткен жалпақ жазық, қойнау-қолаттары тола тұнық су, таза ауасы танау жарған алқап, анау арыда қалған біз асып келген бел-белестер алақаныңа жайып салқандай айқын, көз сүрінер бір бұдырсыз-ау. Қасымда тұрған Ұлытау ауданының мәслихаты мен Аманат партиясының төрағасы, ақын, журналист, аудармашы Ахат-аға Құрмансейітовтен  сұраймын ғой: – Анау мұнартып жатқан Ерден, Едіге, Әулие тауларынан бері қанша шақырым болар екен?- деп. – Шамасы елуден жетпіс шақырым боп қалар-ау,- дейді сұңғыла Ақаң. – Анадан жіберген аттың шаңы көрінетін қашықтық қой,- деймін. Біз биікте тұрғандықтан әрине солай көрінеді. Әйтпесе сол көз жеткен жерден бері қаншама ойпат, ой, жон-жота, дөң-дөңес, күдір белдер жатыр.

Құдай біледі Алтыншоқы асты толған алтын көмбе. Соны баба-сана білді. Білмесе Алтыншоқы атамас еді. Ұлытаудың Ұлы аталуының үш түрлі негізгі себебі бардай: Біріншіден жердің нулы, сулы топырағының құнарлы, шұрайлы, раноттылығы; екіншіден құрлықтың географиялық жағынан алғанда, дала өркениеті тұрғысынан қарағанда да тарихи және  мәдениеттің түп мекені; Үшіншіден Ұлытаудың жер асты байлығының ұшан теңіз молдығы; осы қасиеттерінің алтын қазығы – Алтыншоқы болса керек-ті.

Алтын шоқының нақ төбесі тесік екен. Ойған. Алтын, асыл қазына іздеген болар. Қазан шұңқыр пайда болыпты. Оттың орны деседі. Атам заманда тас балқытып, темір еріткен. Балқып, еріп қожырланып қалған Қазан толы жәдігерлер соның айғағы.

Алтын шоқыға ат басын бұрушылар көп. Келген әр бір адам киелі жердің бір түйір тасын алып кетеді екен. «Ұсақ тастары азайып барады» деседі. Ойландырады.

Алтын шоқының атын аспандатып тұрған тағы бір жәдігер әйгілі қолбасшы Ақсақ Темірдің таңбалы тасы. Қазан шұңқырды қалаған қорымның шетінде жатыр.

Алтыншоқы тарихын 1935 жыл Қаныш Сәтбаев бастаған экспедиция алғаш зерттеген. Сонда осы көне жазулы тасты тауып, фотоға түсірген. Мына жатқан жазулы тас соның көшірмесі екен. Түпнұсқа Санкт-Петербургте Эрмитаждағы Тимуридтер экспозициясында тұрса керек-ті. Тасқа Әмір Темір 1391 жылы Алтын Орда Ханы Тоқтамысқа қарсы соғысқа аттанып бара жатқан жолында, осында аялдап, құдайдан медет тілегені туралы жаздырған.

Алтыншоқы басында тұрмыз. Алдымыздан айдарымызды желкілдетіп Алтыншоқының ақ самалы еседі. Көңіл толқыды, көкейімізге өлең үйірілді. Қалай үнсіз атанып кете барамыз. Ақын Ғалым Қалибек, ақын Серік Қалиев, ақын Ақат, ақын Айзат, ақын Дүйсенәлі және Мен! Дос-жолдастартардың алқауымен арқаланып өлең оқыдым. Эстафетаны Ақат аға іліп әкетті. Ғалым Жайлыбайдың өлеңін жатқа оқыды-ай!!!.

Б.Бәмішұлы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар