ММА (modern) түрінен сынға түскен Қазақстан құрамасының өкілі Дарын Мұстафин Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Дарын 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жартылай финалға дейін жетті. Ол бұл кезеңде базрейндік Ибрагим Халидовпен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде жекпе-жек қарсыластың пайдасына аяқталды. Осылайша отандасымыз қола жүлдені қанағат тұтты.
Түгелбай Бисен
Фото: Арлан Олжабай
Дереккөз: olympic.kz
