//

Елімізде отын-энергетика кешені онлайн басқарыла ма? Үкімет отырысында айтылды

685 рет қаралды

Бүгін Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов еліміздің отын-энергетика кешенін (ОЭК) цифрландыру барысы туралы баяндады.

Ол қазіргі уақытта «Отын-энергетика кешенін бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесі» (EnergyTech) атты салалық платформасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүріп жатқанын айтты.

– EnergyTech платформасы отын-энергетика кешенінің барлық саласын бір платформа базасына біріктіреді. Ол энергетика секторы, кен пайдалану және қайта өңдеуден бастап көмір өнеркәсібіне дейінгі ОЭК-тің 10 негізгі бағыты бойынша басқару процестерін кешенді үйлестіруді қамтамасыз етеді. Жүйені толық көлемде жасап шығарып, өнеркәсіптік деңгейде қолданысқа енгізу 2026–2027 жылдарға жоспарланып отыр, – деп нақтылады Ерлан Ақкенженов.

Министрдің айтуынша, биыл жеті цифрлық сервис пайдалануға берілген. Оның ішінде екі сервис энергетика секторында жүзеге асырылғанын айтты.

Бірі күзгі-қысқы кезеңге дайындық пен оның өту барысын мониториң жасауға арналған цифрлық сервис, екіншісі шекті тарифті бекітуге арналған цифрлық сервис.

 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Пәтер бағасы арзандай ма?

Алатау ауданындағы ескілеу көпқабатты үйлердің бірінде Айдана мен Еркебұлан екі бөлмелі жалдамалы пәтерде тұрады. Жиһаздар бұрынғы