Қазақ киносын отарсыздандыру талқыланды: Алматыда «Qalam» мультимедиялық жобасының сессиясы өтті

83 рет қаралды

Алматыда «Меломан Гранд» дүкенінде қазақ киносының отарлық мұрасын талдауға арналған «Qalam» мультимедиялық жобасының сессиясы өтті.

Кештің спикері кинотанушы Әсия Бағдәулетқызы – совет киносының отарлау құралына айналу себептерін және қазақ киносын толық деколонизациялау үшін не қажет екенін сөз етті.

Кездесу барысында маман кеңестік кезеңдегі фильмдердегі «орыстың құтқарушы бейнесі» мен ұлттар арасындағы иерархияны экран арқылы бекіткен идеологиялық тәсілдерді мысалдармен талдады.

Сонымен қатар қазіргі қазақ киносында сол советтік көзқарастың ізі әлі де бар екенін айтып, оны еңсерудің жолдарын ұсынды.

Кинотанушының айтуынша, кеңестік дәуірде кино Мәскеудің идеологиялық құралына айналған. Театр мен музыка республикаларда дамығанымен, кино өндірісінің бар тетігі орталықтың қолында болды.

– 1991 жылға дейін барлық қаржы мен шешім Мәскеуде шоғырланды. Тәуелсіздік алған соң бізде киностудия қалды, бірақ жалақы төлейтін жүйе жоқ еді. Сол кезеңнен бастап рухани отарсыздану процесі басталды, – деді Әсия Бағдәулетқызы.

Оның сөзінше, сол өтпелі кезеңде кино саласында «енді өмір сүреміз бе, әлде өлеміз бе?» деген сұрақ тұрды. Алайда кейінгі жылдары Сатыбалды Нарымбетовтің «Аманат» сынды фильмдері мен басқа да туындылар кеңестік жүйе жасаған зұлымдықтарды ашып көрсетті.

Бұл — қазақ даласын мәдени тұрғыдан отарсыздандыруға бағытталған алғашқы қадамдар болды.

Дегенмен, тіпті осы кезеңнің өзінде де кеңестік сана қалдығы — «орыстың құтқарушы бейнесі» кейіпкерлер арқылы сақталып отырды.

«Мысалы, «Аманат» фильмінде Бекмахановтың жанында оны демеп жүретін орыс кейіпкері бар. Бұл басқа ұлтқа табынудан туған емес, сценарий жазудың бейсаналы қалыптасқан жолы. Совет кезінде санаға сіңген осы тәсіл бүгінгі фильмдерде де ұшырасып жатады», — деді маман.

Әсия Бағдәулетқызының айтуынша, отарсыздандыру — өткенге өкпе арту немесе бір мемлекетке қарсы болу емес. Ол — совет кезеңінде екінші орынға ысырылған, ұмыт болған дәстүрлі білім мен өмір сүру формаларын қайта тірілту.

Сондай-ақ кинотанушы қазіргі заманда адамзат оқу мәдениетінен көру мәдениетіне өткені туралы ой айтты. «Кино — көру мәдениетінің ең ықпалды әрі қолжетімді түрі. Ол бейсаналы түрде әсер етеді. Сол себепті біз киноны тек көріп қоймай, оның бізге сіңіретін идеяларына сыни тұрғыдан қарауымыз керек», — деді ол.

Әсия Бағдәулетқызы: «Киноны Қазақстанға Мәскеу емес, жергілікті қайраткерлер әкелді. Бұл тарихта көп айтылмайды. Мысалы, Тұрар Рысқұлов — қазақ даласында кино өндірісін қалыптастыру үшін күрескен тұлғалардың бірі», – деген ой айтты.

Сессия соңында қатысушылар қазақ киносының болашағы мен ұлттық сананы жаңғыртудағы рөлі туралы пікір алмасып, спикерге сұрақтар қойды.

Жадыра Әділбекқызы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Желаяқтар қос қола иеленді

Бахрейннің Манамада қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңіл атлетика додасында 3000 метрге жүгіру сайысында

Азиаданың сегізінші алтыны

Қазақстандық жеңіл атлет Максим Сажнев Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль

Азиададан тағы екі алтын түсті

Бахрейннің Манамада қаласында жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары қыза түсті. Бүгінгі жарыс күні де алтынмен басталды. Таеквондода