/

Қазақ таеквондосының жаңа тарихи жетістігі тіркелді

400 рет қаралды

Айдана Құмартаева Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында ел қоржынын қола жүлдемен толықтырды. 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған ол жартылай финалда түркиялық Эмине Гогебаканмен кездесті.

Ол әлем чемпионатындағы әр кездесуін тартысты өткізді.

Алғашқы кездесуінде Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Никола Кражевскаяны, екінші жекпе-жегінде Португалия спортшысы Киарра Барросоны 2:0 есебімен жеңді.

1/16 финалда үндістандық Ваишнабені жолдан ығыстырса, ширек финалда World Taekwondo өкілі Джесси Бассетті айқын басымдықпен ұтты.

Айдана Құмартаеваның жеңісі Қазақстан таеквондосының парағына тарихи оқиға ретінде тіркеді.

Өйткені бұған дейін қазақ елінің бұрымды таеквондошылары әлемдік додада екі медаль алып көрмеді.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қазан күні тағы бір отандасымыз Нодира Ахмедова Қазақстан әйелдер таеквондосына 18 жылдан кейін Әлем чемпионатының жүлдесін сыйлаған болатын.

Усиде таеквондодан өтіп жатқан Әлем чемпионатының барлығы 179 елден 991 спортшы қатысып жатыр. Дүниежүзілік біріншілік 30 қазанға дейін жалғасады.

Түгелбай Бисен,

Фото: Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының баспасөз қызметінен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Хоккейші қыздар ерлігі

Ыстамбұл қаласында хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионатының IIA дивизионы аяқталды. Аталмыш сайыста Қазақстан