Фото: t.me/sport_comiteti/6622
Бахрейннің Манамада қадасында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ММА жарысында сынға түскен Санжар Қартай ел қоржынына алтын медаль салды.
65 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Санжар қарсыластарын қоғадай жапырып чемпион атанды.
Финалда қазақстандық спортшы бахрейндік Султанахмед Султанахмедовты жеңді.
Айта кетейік, осы спорт түрінен бұған дейін 50 келіге дейінгі салмақта Амелина Бакиева алғаш болып алтын медаль иеленген еді.
Түгелбай Бисен
Сурет: Арлан Олжабай
Парақшамызға жазылыңыз
