/

Шұғыла Өмірбек U23 санатындағы әлем чемпионатында алтын жеңіп алды

62 рет қаралды

Фото: t.me/DRSQazaqstan/2027

Шұғыла Өмірбек U23 санатындағы әлем чемпионатында тарихи алтынын жеңіп алды.

Сербияның Нови-Сад қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Әйелдер арасындағы бәсекеде ел қоржынына тұңғыш алтын медаль бұйырды.

55 келіде жарысқа түскен Шұғыла Өмірбек финалдық белдесуде бірнеше жас санатында Еуропа чемпионы, Түркия спортшысы Туба Демирді 12:8 есебімен ұтты.

Жарыс барысында аруымыз 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаэл Симонды (Молдова) 10:2, кадеттер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Александра Войчилескуді (Румыния) 3:1, жартылай финалда 20 жасқа дейінгі Еуропа чемпионы Амори Андрихті (Германия) 2:0 есебімен ұтты.

Айта кетейік, 2017 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан U23 санатындағы әлем чемпионатында осы сәтке дейін бірде-бір аруымыз финалға дейін жетпеген.

Ал 23 жасқа дейінгі жаһандық доданың тарихына көз жүгіртсек, 2023 жылы Сұлтан Әсетұлы (67 келі, грек-рим күресі) және 2024 жылы Ризабек Айтмұхан (97 келі, еркін күрес) топ жарған.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар