/

Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының алғашқы алтыны

53 рет қаралды

Бахрейнде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында сынға түскен велошабандоздар қоржынға алтын медаль салды.

Отандастарымыз жекелей уақыт жарыс форматындағы аралас командалық эстафетада үздік нәтиже көрсетті.

Бірінші кезеңнен кейін Қазақстан велошабандоздары уақыт бойынша үшінші орында келе жатқан еді. Соңғы кезеңде спортшыларымыз жүрісіне қарқын қосып, мәреге бірінші жетті.

Жасөспірімдер Азиадасында құрама сапында Кирилл Полышев, Данил Третьяков, Ринат Ерік, Ирина Ивановская, Валерия Кузнецова, Анель Ташбай сынды спортшылар өнер көрсетті.

Иран құрамасы күміс алса, Тайбэй құрамасы үздік үштікті түйіндеді.

Түгелбай Бисен

Фото: Сали Сабиров

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар