/

Геннадий Головкин «World Boxing» халықаралық федерациясының президенті атанды

390 рет қаралды

Фото: t.me/sport_comiteti/7228

Италияда өткен конгреске 56 мемлекеттің өкілі қатысты. Олардың барлығы Геннадий Головкин үшін дауыс берді.

Айта кетейік “World Boxing” 2023 жылдың сәуір айынан бері жұмыс істеп келе жатқан халықаралық бокс ұйымы.

Бұған дейін Геннадий Головкин World Boxing Олимпиадалық комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Әлемдік деңгейдегі ұйым басшысы қызметіне тұрған даңқты боксшыны ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. Ол туралы ақпарат “Ақ орданың” ресми телеграм арнасына шықты.

– Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды, – делінген құттықтауда.

Сонымен қатар туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов инстаграм парақшасында Геннадий Генадиевичті құттықтады.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

36 спортшы бар, нешеуі ойда?

Италияда өтетін 2026 қысқы Олимпиадаға баратын Қазақстан командасының толық құрамы белгілі болды. Ол ақпарат ҚР туризм