дереккөз:gov.kz
Қазақстанда өзге елде тұратын этникалық қазақтардың құқықтарын кеңейту жоспарланып жатыр. Премьер-министр Олжас Бектеновтың айтуынша, осы мақсатта еліміздің Жер кодексіне және бірқатар заңдарына өзгерістер енгізілмек. Бұл түзетулер “Ата жолы” картасының иелеріне Қазақстанда кәсіп ашуға, жұмысқа орналасуға және жер телімдерін алуға мүмкіндік береді.
Заң жобасында мынадай маңызды өзгерістер қарастырылған:
– “Ата жолы” картасы иелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау (“Халықтың көші-қоны туралы” Заңға);
– бизнесті бастауға қолдау көрсету (“Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы туралы” Заңға);
– біліктілігі тең адамдарға жұмыспен қамту жеңілдіктері (Еңбек кодексіне);
– жеке кәсіпкерлікпен айналысу құқығы (Кәсіпкерлік кодексінде);
– жер учаскелерін алу құқығы (Жер кодексінде).
“Бұл карта этникалық қазақтардың тарихи отанымен байланысын күшейтіп, білікті мамандарды Қазақстанға тартуға арналған”, – деп атап өтті премьер-министр.
2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Ресейден, Қытайдан, Германиядан, Ұлыбританиядан, Израильден, АҚШ-тан және басқа елдерден келген бизнес-иммигранттарды қоса алғанда, 153 адамға 71 “Ата жолы” картасы берілді. Олардың қатарында физика, медицина, ауыл шаруашылығы және IT салаларының мамандары бар.Бір маманның “Ата жолы” картасы жойылып,ол Қазақстан мемлекетінің азаматтығын алды. Картаны алған тағы 78 маман келесі елдерде үлкен сұранысқа ие:
- Ресей
- Германия
- Моңғолия
- Қытай
- АҚШ
- Израиль
- Франция
- Ұлыбритания
- Нидерланды
- Финляндия
- Швеция
- Австралия
- Қырғызстан
- Өзбекстан
Олардың арасында инженер-физиктер, инженер-математиктер, химик-технологтар, жақ-бет хирургиясының дәрігерлері, педиатрлар және басқа да мамандар бар.
“Ата жолы” картасы этникалық қазақтарға қазіргі азаматтығын сақтап, Қазақстанда 10 жылға дейін уақытша тұру құқығын, жұмысқа, бизнеске, тегін білім алуға және жеңілдетілген азаматтық алу процесіне қол жеткізу құқығын береді.
Дегенмен, сенатор Бекбол Орынбасаровтың сөзінше, бюрократиялық кедергілерге байланысты көптеген этникалық қазақтар бұл мүмкіндікті пайдалана алмай отыр. Ол осы мәселені шешу үшін ведомствоаралық комиссия құруды ұсынды.
Бұқара халық бұл жайлы өз ойымен бөлісіп жатыр:


Ал сіз бұл мәселе жайлы не ойласыз ?
Дереккөз: Отандастар қоры
Парақшамызға жазылыңыз
